Атырау, 13 қаңтар 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Барлық жаңалық

Әділет министрі Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген Стати шағымы туралы айтты Қазақстанда

Әділет министрі Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген Стати шағымы туралы айтты

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген молдовалық кәсіпкер Анатолий Стати және оның ұлы Габриэль Статидің Нью-Йорк сотына түсірген шағымын кері қайтарып алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  15 қараша 2019, 14:51 2 607 рет қаралды
Коллаборация: мыңдаған қытай азаматы Қазақстанға қалай келген Оқиға

Коллаборация: мыңдаған қытай азаматы Қазақстанға қалай келген

Атырау қалалық №2 сотында Қытай азаматтарының ҚР аумағына кіру құжаттарын заңсыз рәсімдеумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ (ТҚТ) мүшелеріне қатысты үкім шығарылды. Тергеу барысында олардың 2 мыңнан астам қытайлықтың құжаттарын жасағаны анықталды. Соңғы кездері Қазақстанда күшейіп келе жатқан қытайфобиялық көңіл-күй тұрғысынан қарасақ, сотталушылар салыстырмалы түрде жеңіл жаза алған. 15 қараша 2019, 12:39 6 869 рет қаралды
Жалған құжатты көліктер Атырауға жете алмады Оқиға

Жалған құжатты көліктер Атырауға жете алмады

Ресей-Қазақстан шекарасындағы «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылар біздің өңірге бет алған бес шетелдік көлікті тоқтатты. Олардың тіркеу құжаттары жалған болып шықты. 15 қараша 2019, 11:19 4 816 рет қаралды
Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті Әлемде

Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті. Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды."Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", - деп хабарлайды РИА Новости. 15 қараша 2019, 10:50 2 816 рет қаралды
"Изолятордан қашқан" Дулат Ағаділді полиция қамау орнына алып кетті Қазақстанда

"Изолятордан қашқан" Дулат Ағаділді полиция қамау орнына алып кетті

"Изолятордан қашты" делінген астаналық белсенді Дулат Ағаділ 15 қарашада таңертең Нұр-Сұлтандағы бас прокуратура ғимаратына барған кезде полицейлер оны сол жерден ұстап әкетті. 15 қараша 2019, 10:27 3 021 рет қаралды
Тбилисиде мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етті Әлемде

Тбилисиде мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етті

14 қарашада Грузия астанасы Тбилиси орталығында мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналып, парламент депутаттарының сайлау жүйесін реформалау туралы заң жобасын кері қайтарғанына қарсылық танытты. 15 қараша 2019, 10:21 7 356 рет қаралды
Жүктер кері қайтарылды Басқа жаңалықтар

Жүктер кері қайтарылды

5 қарашада «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылар Ресей Федерациясынан Атырау облысына жөнелтілген сиыр етінің майын кері қайтарды. Жүктің тиісті ветеринариялық құжаттары болмаған. 15 қараша 2019, 10:13 3 284 рет қаралды
Назарбаев "Самұрық-Қазына" туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі Қазақстанда

Назарбаев "Самұрық-Қазына" туралы: мұның бәрі Қазақстан халқына тиесілі

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан халқына тиесілі екенін азаматтар түсінуі керек. Ол үшін компанияның қызметіне деген сенімді арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында айтты. 15 қараша 2019, 10:13 2 399 рет қаралды
Маңғыстау облысында арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны түсіп қалды Қазақстанда

Маңғыстау облысында арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны түсіп қалды

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  15 қараша 2019, 09:55 2 523 рет қаралды
Калифорнияда мектепте атыс болып, екі адам қаза тапты Әлемде

Калифорнияда мектепте атыс болып, екі адам қаза тапты

14 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатында Санта-Кларита қаласында мектепте атыс болып, екі адам өлді, үш адам жараланды. Бұл ақпаратты жергілікті шериф кеңсесінің өкілі баспасөз жиынында хабарлады. 16 және 14 жастағы екі жасөспірім қаза тапқан. 15 қараша 2019, 09:44 2 719 рет қаралды
​Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді Қазақстанда

​Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді

Қазақстанның ішкі істер министрлігі белсенді  Дулат Ағаділдің "изолятордан қашып шыққанына" қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ведомство өкілдері белсенді туралы ақпарат беруді талап етіп Нұр-Сұлтандағы минстрлік ғимаратына барған елордалық белсенділерге айтқан.  14 қараша 2019, 16:15 3 155 рет қаралды
Стати Нью-Йорк сотына Қазақстанға қарсы берген арызын қайтарып алды Қазақстанда

Стати Нью-Йорк сотына Қазақстанға қарсы берген арызын қайтарып алды

Әділет министрлігі 12 қарашада Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom Group S.A. пен Terra Raf Trans Traiding Ltd. («Стати») Нью-Йорк сотында Қазақстан Республикасына қарсы арызын өз еріктерімен қайтарып алғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  14 қараша 2019, 15:36 2 445 рет қаралды
Дариға Назарбаева Арменияға барды: сенат спикері кіммен кездеседі? Қазақстанда

Дариға Назарбаева Арменияға барды: сенат спикері кіммен кездеседі?

Сенат спикері Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды. Қазақстандық делегацияны Армения ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоян шақырған болатын. 14 қараша 2019, 15:05 2 862 рет қаралды
​"Охотзоопром" басшысы ауысты Қазақстанда

​"Охотзоопром" басшысы ауысты

"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК бас директоры қызметін орындаушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   14 қараша 2019, 15:16 1 859 рет қаралды
​Қытай үкіметі оба індеті туралы жасырып отыр ма? Әлемде

​Қытай үкіметі оба індеті туралы жасырып отыр ма?

Сейсенбі күні Қытайдағы Ішкі Моңғол автономиялы регионына қарасты Шилиңғол аймағында жұқпалы аурумен ауырған екі адамға Бейжіңнің сарапшы мамандары «оба дертін жұқтырған» деген диагноз қойған.  14 қараша 2019, 15:01 4 247 рет қаралды
​Трампқа импичмент: АҚШ президенті қызметінен кете ме? Әлемде

​Трампқа импичмент: АҚШ президенті қызметінен кете ме?

АҚШ-тың Украинадағы елшісінің міндетін атқарып жатқан Билл Тэйлор президент Трампқа импичмент жариялау туралы сауалдарға жауап берді. Ол Трамптың Еуропа одағындағы АҚШ елшісі Гордон Сондланд мырзаға хабарласып, Байденге қатысты қылмыстық іс жөнінде сұрағанын растады.  14 қараша 2019, 14:50 2 507 рет қаралды
Атамбаев абақтыдағы алғашқы мәлімдемесін жасады Әлемде

Атамбаев абақтыдағы алғашқы мәлімдемесін жасады

Қамауда жатқан Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үш айдан бері алғаш рет мәлімдеме жасаған. Атамбаев мәлімдемесінде, 7-8 тамыз күндері Қой-Таста (Кой-Таш) болған оқиғадан кейін билік тарабы заңсыз қамаулар мен саяси қудалау жүргізді деп айыптаған. 14 қараша 2019, 14:57 3 132 рет қаралды