Атырау, 13 қаңтар 18:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Қазақстандық мұнай тиелген екі танкерге дрондар шабуыл жасады

136 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған екі танкерге дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Танкерлер КТК терминалы ауданында болған. Бұл терминал арқылы Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы экспортталады.

Бірінші танкер — Delta Harmony, грек компаниясы Delta Tankers-ке тиесілі, Теңізшевройл өндірген мұнайды тиеуі тиіс болған.

Екінші танкер — Matilda, Thenamaris компаниясының басқаруында, Қарашығанақ кен орнынан өндірілген мұнайды тиеуді күтіп тұрған.

Thenamaris өкілі Matilda кемесі екі дронның соққысына ұшырағанын растады. Жарақат алғандар жоқ, палуба құрылымдарына аздаған зақым келген, олар жөнделеді. Кеме теңізге жарамды күйде қалып, ауданнан шыққан.

Теңіз қауіпсіздігі саласындағы дереккөздер бір кемеде өрт шыққанын, бірақ ол дереу сөндірілгенін хабарлады.

Delta Tankers әзірге пікір білдірмеді.

Каспий құбыр консорциумы оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

КТК мұнай құбыры Қазақстан мұнайын Қара теңіздегі Новороссийск қаласы маңындағы «Оңтүстік Озереевка» терминалына жеткізеді.

Бүгін, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.