Атырау, 13 қаңтар 16:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Құлсарыда соғыстан кейінгі барак үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары басталды

111 рет қаралды

80 жыл бойы апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындары кезекті қысты аман-есен өткере алмай қаламыз ба деп қауіптенді.

Құлсары қаласы "Атмұра" ықшам ауданындағы барак үй 1946 жылы салынған. Үйлердің қабырғасы сөгіліп, іргетасы жерге кіріп, шатырынан су аққалы тұрғындардан маза кеткен болатын. 

Зейнеткер Жұмағыз Дүйсенованың тұрғын жайының бір қабырғасы түгел құлап, үй жалдап кетуге мәжбүр болды. Басқа үйлердің күйі кеткендіктен тұрғындар әкімдіктің табалдырығын тоздырумен болды. Сандалған халық қыстан шығу мүмкін еместігін айтып "АЖ" редакциясына бірнеше рет хабарласқан болатын. 

Аудан әкімінің орынбасары Аманжол Айдашевтің хабарлауынша, өткен жылдың соңында бұл мәселе шешілген. 11 үй тұрғынының әрқайсысына 13-14 млн теңге аралығында ақша берілді. Және бір мүмкіндік болашақ баспаналарын өздері іздеп, таңдап алуына жағдай жасалған.

- Үш үй тұрғынынан басқасы көшіп-қонуда. Ал үш үй кепілдікте тұрған болып шықты. Олар үйлерін кепілдіктен шығарса, олар да осындай мүмкіндікке ие болады, - дейді Айдашев.

Тұрғындар көшкеннен кейін жері мемлекет мұқтаждығына алынады. Жалпы Құлсары қаласы бойынша 89 апатты баспана бар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.