Атырау, 26 сәуір 07:31
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қостанайда банк қызметкері 87 млн теңгені жымқырып, елден қашып кеткен

2 507 просмотра


«Еуразиялық банк» АҚ Жітіқара қалалық филиалының қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен. «Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның банк кассасынан 87 млн теңгені ұрлап кеткені анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары басталды.

Дереккөз: inform.kz


15 қараша 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.