Атырау, 29 наурыз 16:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әділет министрі Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген Стати шағымы туралы айтты

2 426 просмотра


Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан үкіметімен соттасып жүрген молдовалық кәсіпкер Анатолий Стати және оның ұлы Габриэль Статидің Нью-Йорк сотына түсірген шағымын кері қайтарып алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

"Мұндай шешімді Стати қабылдаса да, маңызды" деген министр кәсіпкердің шағымды қайтаруының екі себебі болуы мүмкін екенін айтты.

- Біріншіден, Статидің компанияларының аудитін жүргізген мекеме барлық аудиторлық есептерді қайтарып алды. Осы аудиторлық есептер - арбитраж шешімінің негізі болған, - деді Марат Бекетаев 15 қарашада журналистерге.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Стати Нью-Йорк сотына бұл шағымды 2017 жылы маусым айында түсірген. Онда Стати соттан 500 миллион доллар өндіріп алу туралы Швецияның апелляциялық соты шығарған шешімнің (2016 жылы желтоқсанда шыққан) орындалуын талап еткен. Бұған қоса, сот шығынына кеткен 3,5 миллион долларды өндіріп беруді сұраған.

АҚШ Жоғарғы соты 15 қазанда Қазақстан билігінің молдовалық бизнесмен Анатол Стати ісі бойынша шешімді қайта қарау туралы шағымын  кері қайтарған.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтады. Нұр-Сұлтан бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптайды.

2017 жылы желтоқсанда New York Mellon банкі Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысын бұғаттағаны жария болған.

Биыл мамырда Нидерланд соты құны 5,2 миллиард доллар тұратын Нидерландтың KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры акцияларына салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл акцияларға Қазақстан үкіметі мен Анатол Стати арасындағы дау аясында тыйым салынған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

15 қараша 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.