Атырау, 25 сәуір 03:29
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тбилисиде мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етті

7 182 просмотра


14 қарашада Грузия астанасы Тбилиси орталығында мыңдаған адам парламент ғимаратының алдына жиналып, парламент депутаттарының сайлау жүйесін реформалау туралы заң жобасын кері қайтарғанына қарсылық танытты.

Бірнеше сағат бұрын парламент депутаттары пропорционалды сайлау жүйесіне (яғни, партиялардың дауыс санына қарай орын алуы) өту туралы заң жобасын кері қайтарған еді. Азаттықтың Грузин қызметінің хабарлауынша, заң жобасына дауыс беруге 141 депутат қатысып, олардың 101-і заң жобасын қолдап дауыс берген. Бірақ заң жобасы мақұлдануы үшін 113 дауыс керек болған. Заң жобасы мақұлданбағаннан кейін сегіз депутат басқару партиясынан кеткен.

Кешке қарай оппозиция жақтастары мен белсенділер қаладағы негізгі көшені қоршап, парламент алдына жиналды. Мыңдаған адам үкіметтің отставкаға кетуін, мерзімінен бұрын сайлауды белгілеуді талап етті.

Маусым және шілде айынан бері мыңдаған адам пропорционалды сайлау жүйесіне көшуді талап етіп келеді. Жазда бірнеше аптаға созылған наразылық кезінде ашулы топ парламентті басып алуға тырысып, полиция оларға резеңке оқ атып, су шашты. 240-тан астам адам жараланды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

15 қараша 2019, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.