Атырау, 19 сәуір 18:48
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​"Охотзоопром" басшысы ауысты

1 677 просмотра


"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК бас директоры қызметін орындаушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бұрындары ол Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетін басқарған еді.  Айта кету керек, бүгінгі таңда браконьерлікпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Инспекторлардың қаза болуына байланысты соңғы оқиғаларды ескере отырып, министрлік басшылығы жаңа басшыға инспекторлардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз аң аулағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде тапсырма берді. Еске салайық, 2019 жылы браконьерлердің қолынан үш "Охотзоопром" инспекторы қаза болды. Соңғы оқиғалардың бірі 25 қазанда тіркелді. Инспектор Әділ Кенжеғұлов Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында браконьерлерді ұстау кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 қараша 2019, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.