Атырау, 24 сәуір 11:42
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Үзілді-кесілді қарсы": Тоқаев жұрттың наразылығын тудырған мәселені қозғады

2 353 просмотра


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесін халықпен талқылау керек екенін айтты.

Жақсы ауылында халық бұл жобаға қарсы болды. Тұрғындар бұл құрылыс экология мен адамдардың денсаулығы зиян келтіреді деп отыр.

"Жақсыда марганец өндіретін кәсіпорын салу мәселесі көтеріліп келеді. Тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Әкімдік пен үкімет шешім қабылдаған кезде халықтың ойын ескеру керек", - деді Тоқаев Көкшетаудағы жиында.

КТК телеарнасы төрт жыл бұрын Жақсы елді мекенінде марганец кен орнын геологиялық барлау жұмысы аяқталғанын хабарлаған болатын.

"Болашақ инвесторлар марганецтің еш зияны жоқ екенін айтып отыр. Біз сенбейміз! Балалар – біздің болашағымыз, олардың экологиялық таза жерде өмір сүргенін қалаймыз. Есіл ауданы Калачидегі* жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз", - деді жергілікті тұрғын Алма Бралина.

"ТКС-Жақсылық" тау-кен компаниясының директоры жобанының "керемет" екенін айтады.

"Халық наразылығына байланысты бізге жер учаскесін бермеді. Біз бұған шағымданамыз. Кете алмаймыз, жұмыс істеуіміз керек. Бұл біздің жеріміз, оны дамытуымыз қажет ", - деді ол.

Марганецті бес жыл бойы өндіру жоспарланған еді. Жобаға 16 миллиард теңге қаражат салып, 240 жұмыс орнын ашу көзделген.

Дереккөз: Sputniknews.kz

14 қараша 2019, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.