Атырау, 13 қаңтар 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Семейде кәріз жүйесіне қатысты заңсыздықтар анықталды

93 рет қаралды

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Семей Водоканал» МКК-нің мүлік иелері бірлестігі мен ЖШС-ке қатысты азаматтық істі қарады.

Талап инженерлік желілерге қолжетімділік беру және кәріз коллекторы аумағындағы құрылыстарды бұзу мәселесіне байланысты түскен.

Көпқабатты тұрғын үйдің инженерлік желілерінде апат орын алып, кәріз ағындарының кері тірелуі салдарынан нысандарды су басқан.

Апат іс қарау кезеңінде жойылғандықтан және құқықтық дау болмағандықтан, сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Қала үшін стратегиялық маңызы бар су және кәріз желілеріне қолжетімділік талаптары өрескел бұзылған.

Тұрғын үй салу кезінде инженерлік коммуникациялар ғимаратпен жабылып қалған, бұл тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп, ауыр санитарлық салдарға әкелуі мүмкін.

Жобалық құжаттамада құбырлар мен құрылыс нысандары арасындағы арақашықтық дұрыс көрсетілмеген.

Жобалау және сараптама ұйымдары инженерлік желілердің нақты орналасуын тексермей, қате мәліметтер ұсынған.

Құрылыс салушы құжаттаманың сәйкессіздігін біле тұра, құрылысты аяқтаған.

Уәкілетті органдар нысанды пайдалануға беру кезінде анықталған бұзушылықтарды елемеген.

Сот бұл мән-жайларда жобалау ұйымдары, құрылыс салушы және басқа да лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жауаптылық белгілері болуы мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты сот Абай облысының прокурорына жеке ұйғарым шығарып, кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту, соның ішінде лицензиялар мен рұқсат құжаттарынан айыру мәселесін қарауды тапсырды.

Бүгін, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.