Атырау, 29 наурыз 14:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дариға Назарбаева Арменияға барды: сенат спикері кіммен кездеседі?

2 673 просмотра


Сенат спикері Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды. Қазақстандық делегацияны Армения ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоян шақырған болатын.

"Дариға Назарбаева ресми сапар барысында Армения ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен және Армения президенті Армен Саркисянмен кездеседі деп жоспарланып отыр", – деп хабарлады сенат.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Арменияның екіжақты әріптестігі, парламентаралық байланысты дамыту мәселесі талқыланады

Еске сала кетсек, Дариға Назарбаева 22 қазан күні ресми сапармен Ресейге барған болатын. Мәскеуде сенат спикері Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев, Федералдық жиналыс федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және патриарх Кириллмен кездесу өткізді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

14 қараша 2019, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.