Атырау, 24 желтоқсан 22:54
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Ораза қабыл болсын ұстаған жан! Басқа жаңалықтар

Ораза қабыл болсын ұстаған жан!

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2019 жылғы рамазан айының ораза және намаз кестесін жариялады. Биыл рамазан айы 6 мамырдан 4 маусымға дейін 30 күнге созылады. Қасиетті Қадыр түні - Ләйләт-ул-Қадір 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні деп болжанып отыр. Айт намазы 5 маусымда жергілікті сағат 7:00-де оқылады. 5 мамыр 2019, 15:30 8 004 рет қаралды
Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме? Қоғам

Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме?

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ мұнайлы астанадағы бірқатар апатты үйлерді аралап шықты. Олардың көбі ескі жатақханалар. Үйлердің көрінісі бұрынғы дәуірде қалғандай: қабырғаларының тозығы жетіп, төбелерінен су аққан, жертөлелері суға кетіп, сымдары жалаңаштанған, санитарлық тораптары жоқ. Сурет 4 мамыр 2019, 17:06 5 830 рет қаралды
Видеодан кейін балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды Қазақстанда

Видеодан кейін балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды

Алматыда Алатау ауданындағы №37 балабақшаның меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап. 4 мамыр 2019, 16:23 4 487 рет қаралды
7 мамырда әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді Қазақстанда

7 мамырда әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі себебін түсіндірді

Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде  көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан ресми сауалына.   4 мамыр 2019, 16:10 6 269 рет қаралды
Баубек Оралмағамбетов ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды Қазақстанда

Баубек Оралмағамбетов ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Е. Шаймағамбетов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 4 мамыр 2019, 16:00 3 020 рет қаралды
Дания Еспаева – президенттікке үміткер ретінде ресми тіркелген бірінші әйел Қазақстанда

Дания Еспаева – президенттікке үміткер ретінде ресми тіркелген бірінші әйел

Бүгін бірқатар саяси партия мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.  4 мамыр 2019, 15:46 3 164 рет қаралды
Ғаламтордағы алаяқтық тыйылмай тұр Басқа жаңалықтар

Ғаламтордағы алаяқтық тыйылмай тұр

Соңғы кездері Атырау облысында интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Тауарларды арзанырақ бағамен сатып алғысы келетіндер қаскөйлердің қармағына түсіп қалып жатады. Мәселен, биыл қаңтар айында 35 жастағы Атырау тұрғыны Shacman самосвалының кабинасын сатып алғысы келіп, интернет арқылы Вячеслав дегенге шығып, оның шотына 1 млн 250 мың теңге аударып жіберген. Кабина 7 жұмыс күні ішінде жеткізілуі тиіс болған. Бірақ... 4 мамыр 2019, 15:45 5 060 рет қаралды
Басшының орнына баяндамасы келіпті Басқа жаңалықтар

Басшының орнына баяндамасы келіпті

3 мамырда Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВТІҢ қатысуымен брифинг өтуі тиіс еді. Бірақ оған ауа райының қолайсыздығына байланысты қалаға шығуға тура келіп, журналистерге баяндама тезистерін таратты. Тиісінше, сұрақ қою да мүмкін болмады. Баяндамадағы кейбір тармақтары мынадай. 4 мамыр 2019, 16:38 3 766 рет қаралды
Қамалған белсенділерге қысым жасалғаны хабарланды Қазақстанда

Қамалған белсенділерге қысым жасалғаны хабарланды

Алматыдағы марафон кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековке қамау орнында қоқан-лоқы жасап, күш көрсеткен. Бұл ақпаратты 4 мамырда Әсия Төлесованың жақындары хабарлады.   4 мамыр 2019, 15:21 3 244 рет қаралды
Әкімдер мен бөлім басшылары қарауындағылармен орын ауыстырды Басқа жаңалықтар

Әкімдер мен бөлім басшылары қарауындағылармен орын ауыстырды

2019 жылдың 1 қаңтарында Атырау облысындағы мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3080 адам болды. Оның ішінде, орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері - 1520, жергілікті атқарушы органдарда – 1560 адам. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті тексеру жүргізіп, көптеген ауыл әкімдері мен орта буын шенеуніктерінің кабинеттері тиесілі көлемнен әлдеқайда кең екенін анықтады. 4 мамыр 2019, 12:12 3 621 рет қаралды
Қазақстан Түркияға әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттайтын болады Қазақстанда

Қазақстан Түркияға әскери мақсаттағы өнімдерді экспорттайтын болады

Қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімдері халықаралық көрмеде бір ұлттық экспозиция ретінде ұсынылды және шетелдік әріптестер мен серіктестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. 4 мамыр 2019, 11:17 2 913 рет қаралды
​Трамп қойған вето Конгресс шешімінен басым түсті Әлемде

​Трамп қойған вето Конгресс шешімінен басым түсті

АҚШ Конгресі Йемендегі соғыста Сауд Арабиясы бастаған коалицияға әскери қолдау көрсету шешімін ақыры тұрақтандырды. Екі апта бұрын әскери көмекті тоқтату туралы Конгресс шешіміне президент тарабынан вето қойған болатын.  4 мамыр 2019, 11:09 3 360 рет қаралды
ОСК Амангелді Таспиховті президенттікке үміткер ретінде тіркеді Қазақстанда

ОСК Амангелді Таспиховті президенттікке үміткер ретінде тіркеді

4 мамырда Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтіп, онда Амангелді Таспиховті Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданған. Бұл ақпаратты орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. 4 мамыр 2019, 11:01 3 438 рет қаралды
Бұл үйдің шатыры тағы да ұшты Басқа жаңалықтар

Бұл үйдің шатыры тағы да ұшты

3 мамырда шаңды дауыл Атыраудың астан-кестеңін шығарды. Ауа райының күрт өзгеруі салдарынан кейбір ықшам аудандар жарықсыз қалып, нашар көрінетіндіктен жол бойында кептелістер пайда болды. Ал кейбір үйлердің шатырлары жұлынып кетті. Бақтарына қарай, құрбан болғандар жоқ. Сурет Бейнежазба 4 мамыр 2019, 10:26 4 921 рет қаралды
​«Канелоның» промоутері Головкинге тағы да шарт қойды Қазақстанда

​«Канелоның» промоутері Головкинге тағы да шарт қойды

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинге қыркүйекте үшінші айқастың өтуіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kzсайтына сілтеме жасап.  4 мамыр 2019, 09:38 2 483 рет қаралды
Иран: Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы таратылуы мүмкін Әлемде

Иран: Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы таратылуы мүмкін

Иран мұнай ісі жөніндегі министрлігі мәлімдеме жасап, Иранның Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына өз мүддесі үшін мүше екенін, егер ұйым мүшелері Иран мүддесіне қарсы әрекеттерге барса Теһран қатаң жауап қайтаратынын ескертті.  4 мамыр 2019, 09:34 4 409 рет қаралды
Құрманғазы ауданындағы мектептің «жосықсыз» шатырын жел ұшырды Басқа жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы мектептің «жосықсыз» шатырын жел ұшырды

Бүгін, 3 мамырда сағат 11.30 шамасында қатты желдің салдарынан Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округіндегі Н. Манаев мектебінің шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінше сабақ уақытша тоқтатылыпты. Бейнежазба 3 мамыр 2019, 16:27 4 618 рет қаралды
Прокурорлар ұрланған 140 млн теңгені Швейцариядан елге қайтарды Қазақстанда

Прокурорлар ұрланған 140 млн теңгені Швейцариядан елге қайтарды

2019 жылы 15 қаңтарда Швейцарияның Федералды қылмыстық соты Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден әкеткен 140 млн теңгені қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 3 мамыр 2019, 16:10 2 856 рет қаралды