Бішкектің Алатау алаңында өтіп жатқан ауқымды митингте наразылар қамаудағы саясаткер Садыр Жаппаровты бостаумен қатар үкіметті отвставкаға жіберу, конституциялық реформа жүргізу талабын қойып жатыр. Бұл жөнінде Жогорку Кеңештің бұрынғы спикері Мукар Чолпонбаев шеруде арнайылап сөз сөйледі.
Ол «елдегі бірқатар кемшіліктерді жою үшін атазаңды өзгертіп, үкімет отставкаға кетуі керек» деді. «Конституциялық реформаны бүгін жасамаса, ертең кеш болады», - дейді экс-саясаткер. Бұрынғы депутаттар өздерінің әріптесін абақтыдан шығаруын талап етіп жұртты алаңға бастап барды.
Жиналғандардың басты талабы Садыр Жаппаровты дереу босатуға саяды. Ұйымдастырушылар қарсылық акциясына 5 мыңға тарта адам қатысып жатқанын хабарлады. Жаппаровты қолдау қозғалысының мүшесі Бакай Асқарбаевтың айтуынша, абақтыдағы саясаткердің 10 жақтасы президент Сооронбай Жээнбековке жолығуға Ақүйге кірген көрінеді. Олар ортақ мәмілеге келіп шыққанша, шеру тарқамайтынын ұқсайды. Жаппаровтың қолдаушылары оны дереу бостуын талап етіп жатыр.
Акцияны Жаппаровты қолдау қозғалысының төрағасы, Жогорку Кеңештің экс-депутаты Каныбек Осмоналиев жүргізуде. Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Садыр Жаппаров Құмтөр мәселесіне байланысты билікке қарсы белсенділігімен танылған. Ол «2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырып, Ысықкөлдің сол кездегі әкімі Эмилбек Каптагаевты кепілдікке алды» деген айып бойыша 2017 жылы тергеу изоляторына қамалды. 2019 жылы Жоғарғы сот оны он жылға бас бостандығынан айырған.
Дереккөз: Qazaqtimes.com