Атырау, 15 қыркүйек 11:03
 дождьВ Атырау +19.8
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

28 м/с-қа дейінгі жел және жоғары өрт қаупі: Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды

71 рет қаралды

«Қазгидромет» РМК 15 қыркүйекке дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі. Атап айтқанда, қатты жел мен найзағайлы жаңбырдан бастап төтенше өрт қаупіне дейінгі жағдайлар болжануда.

Мегаполистер:
Астана: 15 қыркүйек күні таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Елордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы: жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент: төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік және орталық өңірлер:
Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр және найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысы: күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында найзағаймен бірге аздаған жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Қостанай облысы: түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы: солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Барлық аумақта төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс және Павлодар өңірі:
Павлодар облысы: жаңбыр, найзағай және жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі.

Абай облысы: синоптиктер желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жететінін болжайды.

Шығыс Қазақстан облысы: күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс және оңтүстік өңірлер:
Батыс Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысы: Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында: қатты жел соғып, өте жоғары (кей жерлерде төтенше) өрт қаупі сақталады.

Құтқарушылар азаматтарға сақтық шараларын сақтауды, әлсіз бекітілген құрылымдардың астында немесе маңында болмауды және ашық жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Бүгін, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.