
Семейде 13 жастағы екі сыныптастың арасындағы жанжал төбелес пен пышақ жарақаттарына ұласты. Жасөспірімдердің бірі 15 жерінен жарақат алған, оның ішінде іш қуысына пышақ кіріп жарақаттаған және бүйрегі зақымданған.
«Криминальный Казахстан» хабарлағандай, сабақтан кейін оқушылар мектептің маңында серуендеуге барған. Олардың арасында жанжал туындаған, оның мән-жайы әзірге анықталуда.
Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқанына қарамастан, зардап шеккен бала өздігінен жақын маңдағы үйге жетіп, көмек сұраған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Операция шамамен төрт сағатқа созылған.
Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандыра алды. Қазір ол жансақтау бөлімінен кәдімгі палатаға ауыстырылды.
Жанжалға қатысқан екінші жасөспірім де жеңіл жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. БАҚ мәліметінше, жасөспірім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Мектеп өкілдерінің айтуынша, балалар бір сыныпта оқиды, жақын достар болған және бұған дейін профилактикалық есепте тұрмаған. Жанжалдың себебі әзірге белгісіз.
Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Оқиғаға қатысушылар кәмелетке толмағандықтан, басқа мәліметтер жария етілмейді.
В Атырау +19.8