Атырау, 29 наурыз 01:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

АҚШ-та «Мигрантсыз бір күн» наразылық акциясы өтіп жатыр  Әлемде

АҚШ-та «Мигрантсыз бір күн» наразылық акциясы өтіп жатыр

АҚШ қалаларында жүзден астам мейрамханалар мен ондаған компаниялар президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына наразылық акциясы аясында бір күнге жабылып қалды. 17 ақпан 2017, 10:38 1 555 просмотра
Адвокат: Боқаев пен Аян Алматы абақтысында отыр Қазақстанда

Адвокат: Боқаев пен Аян Алматы абақтысында отыр

Атырауда 2016 жылғы сәуірдегі «жер мәселесіне» қатысты жаппай митингіге қатысқан соң сотталған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян қазір Алматыдағы тергеу абақтысында отыр. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде жазған адвокат Айман Омарова ақпанның 16-ы күні түрмедегі Макс Боқаевпен кездесіп, хал-жағдайын білгені туралы хабарлаған. 17 ақпан 2017, 10:25 2 467 просмотра
Көлік апатында баланың көз жұмғаны туралы қауесет жалған болып шықты Басқа жаңалықтар

Көлік апатында баланың көз жұмғаны туралы қауесет жалған болып шықты

15 ақпанда Құрманғазы ауданының Амангелді ауылында жол-көлік апаты орын алды. «Тойота Ной» көлігі 12 жасар баланы қағып кеткен. Ол ауруханаға жатқызылып, келесі күні шығарылды. Ал Ганюшкинде баланың сол жерде көз жұмғаны туралы қауесет тараған болатын. Бейнежазба 17 ақпан 2017, 10:07 1 896 просмотра
Енді жүйеге қосылу оңай Басқа жаңалықтар

Енді жүйеге қосылу оңай

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосудың жаңа ережелері туралы «ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ бөлімінің басшысы Қуанышбек ЖҰМИЕВ әңгімелейді. 16 ақпан 2017, 17:31 2 120 просмотра
Біртанов: Тіркелмеген жұмыссыздар да медициналық сақтандыру жарнасын төлейді Қазақстанда

Біртанов: Тіркелмеген жұмыссыздар да медициналық сақтандыру жарнасын төлейді

Жұмыссыз ретінде ресми тіркелмеген азаматтар міндетті медициналық сақтандыру қорына ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызы көлемінде қаржы аударады деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Бұл туралы министр бүгін Алматыда өткен жуналистермен кездесуінде Азаттық тілшісінің сұрағына жауабында айтты. 16 ақпан 2017, 16:36 1 674 просмотра
ЕҚЫҰ: Донбаста тараптар ауыр қару-жарақты әкетуге уағдаласты Әлемде

ЕҚЫҰ: Донбаста тараптар ауыр қару-жарақты әкетуге уағдаласты

ЕҚЫҰ-ның Донбасс бойынша арнайы өкілі Мартин Сайдик Украина шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер Минск бейбіт келісімінің талабы бойынша 20 ақпанға дейін майдан шебінен ауыр қару-жарақтарын әкетуге уағдаласқанын мәлімдеді. Сайдиктің хабарлауынша, Украина, Ресей мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер бұл туралы Минскіде өткен келіссөзде келіскен. 16 ақпан 2017, 14:46 2 267 просмотра
Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» директорлар кеңесін басқарады  Қазақстанда

Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» директорлар кеңесін басқарады

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  16 ақпан 2017, 14:43 2 159 просмотра
Астанада бүгін Сирия келіссөзінің кезекті отырысы өтеді Қазақстанда

Астанада бүгін Сирия келіссөзінің кезекті отырысы өтеді

Астанада Сирия бойынша бейбіт келіссөздің пленарлық отырысы бүгін күннің екінші жартысында өтеді деп жоспарланып отыр деп хабарлады Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен. СІМ кеше Астана келіссөзі аясындағы кезекті кездесу бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталатынын хабарлаған. 16 ақпан 2017, 14:41 2 317 просмотра
Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді – Арыстанбек Мұхамедиұлы  Қазақстанда

Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Облыстарда спортты дамытуға қаржы бөлген кезде тепе-теңдік сақталмайды. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер ұсынған. Бүгінде заң Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Егер құжат заңды күшіне енетін болса, ол еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сондай-ақ, өңірлерге қаржы спорттық жетістіктеріне қарай берілуі мүмкін. Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 16 ақпан 2017, 14:37 1 864 просмотра
Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады Әлемде

Ташкент Украинадан Каримовтың туысын экстрадициялауды сұрады

Өзбекстан билігі Украинадан бұрынғы президент Ислам Каримовтың әйелінің жиені Акбарали Абдуллаевты экстрадициялауды сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Украина бас прокуратурасы қызметкерінің Өзбек редакциясына хабарлауынша, ақпанның басында Өзбекстан бас прокуратурасы Украинаға 33 жастағы Абдуллаевты қайтаруды сұрап өтініш берген. Бұл ақпаратты Өзбекстан бас прокуратурасы да растады. 16 ақпан 2017, 10:22 1 609 просмотра
Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті  Қазақстанда

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп  хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз  бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген. 16 ақпан 2017, 10:09 2 614 просмотра
БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды Әлемде

БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды

Түркиялық ақпарат құралдары Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің полициядағы құпия дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті 15 ақпанда Анкарада ұсталған. Ол 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесінде Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген Мевлют Мерт Алтынташпен телефонмен сөйлесті деген күдікке ілінген. 16 ақпан 2017, 10:03 1 707 просмотра
Қорғаныс министрлігі тасжолға қонған тікұшаққа қатысты түсінік берді  Қазақстанда

Қорғаныс министрлігі тасжолға қонған тікұшаққа қатысты түсінік берді

ҚР Ми-8МТ ВВС ВС тікұшағы оқу-жаттығу аясында тасжолға қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігіндегілер Ақтөбе облысындағы тасжолда "жоғалып кеткен" тікұшақтың видеосына қатысты түсінік берді. 16 ақпан 2017, 09:57 1 774 просмотра
Бруно Жарден: «Қашаған шығынды жоба болуы мүмкін бе? Бұл өте жақсы сұрақ!» Басқа жаңалықтар

Бруно Жарден: «Қашаған шығынды жоба болуы мүмкін бе? Бұл өте жақсы сұрақ!»

Біздің газетімізге берген өзінің алғашқы сұхбатында North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно ЖАРДЕН (суретте) Қашаған жобасына салынған инвестициялар сомасын нақтылап, таяудағы 50 жылда құбырларды ауыстыруға тура келмейді деген үмітін білдірді. 16 ақпан 2017, 00:00 3 517 просмотра
Шаруаларды кооперативке шақыруда Басқа жаңалықтар

Шаруаларды кооперативке шақыруда

Индер ауданы әкімдігінде шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, жергілікті әкімдердің қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселелері талқыланды. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мал өнімдерін өндіру мен өңдеу департаментінің директоры Берік НИГМАШЕВ оларға ұжымдасудың тәртібі мен тиімділігін түсіндірді. 16 ақпан 2017, 00:00 3 577 просмотра