Атырау, 24 желтоқсан 04:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Елордада коронавирус жұқтырғандардың әрқайсысы 30-50 адаммен байланыста болған

3 254 рет қаралды


Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. 

Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар аталған инфекцияны белсенді тасымалдаушы болып саналмайды. Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды», - дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 наурыз 2020, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.