Атырау, 2 мамыр 13:06
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Барлық жаңалықтар

Сомалидегі жарылыстан 230 адам мерт болды Әлемде

Сомалидегі жарылыстан 230 адам мерт болды

Сомалидің астанасы Могадишо қаласында болған жарылыстан 230 бейбіт тұрғын мерт болды. Ел астанасының халық көп жиналатын бөлігінде, қонақ үйдің алдында күлі көкке ұшқан жарылғыш заттар толы жүк көлігі тағы жүздеген адамның жаралануына себепкер болды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.  16 қазан 2017, 10:40 2 055 просмотра
Аустрияда Парламенттік сайлау аяқталды Әлемде

Аустрияда Парламенттік сайлау аяқталды

Аустрияда Парламенттік сайлау аяқталды. Азаматтары 16 жастан бастап дауыс беру құқығына ие мемлекетте сайлауға 8,7 млн халықтың 6,4 млн қатысты. Сайлау қорытындылары толық белгілі болмаса да, оның алғашқы нәтижелері мен жеңімпаздар туралы болжамдар жарық көріп үлгерді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  16 қазан 2017, 10:33 1 906 просмотра
Атырауда қайыр сұрағандар қанша табады? Басқа жаңалықтар

Атырауда қайыр сұрағандар қанша табады?

Жақында «Дина» базарынан қайыр сұраушыларды кездестірдім. Әсіресе, көзін тас жұмып басын шайқап, өзімен-өзі сөйлеп отырған шамамен 20 жастағы ер жігітке ерекше назарым ауды. Ал базардың күзетшісі қасына келіп, оған ол жерден тұруын талап еткенде әлгі жігіт лезде «ауруынан» айығып, сау адамдарша шауып кетті. Бірақ, көлеңкеде біраз тұрды да, кері орнына барып, қайта аурудың рөліне еніп алды. Сурет Бейнежазба 16 қазан 2017, 10:30 5 428 просмотра
Тоқаев Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді  Қазақстанда

Тоқаев Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді

ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі аккаунтында Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты "Ынтымақтас Қырғызстанның Президенті болып, Қазақстанмен жан-жақты серіктестіктің маңыздылығын түсінетін С. Жәнібеков сайланды", — деген пікірін білдірді. 16 қазан 2017, 10:29 2 053 просмотра
Сооронбай Жээнбеков Назарбаев туралы сұраққа жауап берді Қазақстанда

Сооронбай Жээнбеков Назарбаев туралы сұраққа жауап берді

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасымен құрмет ұстанымдарына негізделген қарым-қатынас құратынын атап өтті. Бұл туралы ол елдер арасындағы дипломатиялық келеңсіздіктер туралы сұраққа берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі президенттік дода жеңімпазының брифингінен. 16 қазан 2017, 10:24 2 280 просмотра
Автокөлік жылқыға соқтығысты Басқа жаңалықтар

Автокөлік жылқыға соқтығысты

Құлсары- Атырау тас жолының Жылыой ауданы Шоқпартағай ауылы маңында «ВАЗ- 2105» автокөлігі жылқымен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан Шоқпартоғай ауылының 36 жастағы тұрғыны ауыр халде ауруханаға түсті.  16 қазан 2017, 14:42 2 665 просмотра
Жээнбековте - 54,04 пайыз, Бабановта - 33,65 Әлемде

Жээнбековте - 54,04 пайыз, Бабановта - 33,65

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы жариялаған соңғы мәлімет бойынша 1 482 891 сайлаушының дауысы есептеліп болды. Ресми ақпарат бойынша кандидаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған төрттікті 54,04 пайыз қолдауға ие болған Сооронбай Жээнбеков бастап тұр. Екінші орында - сайлаушылардың 33,65 пайыз дауысын алған Өмірбек Бабанов.  15 қазан 2017, 20:50 1 693 просмотра
Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды "шектен шығу" деп атады Қазақстанда

Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды "шектен шығу" деп атады

"Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанмен шекарада қалыптасқан жағдайды "шектен шығушылық" деп атады" деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Атамбаев бұл жайында Баткенде әскери қызметкерлерге арналған үйдің ашылу салтанатында айтқан. Бейнежазба 13 қазан 2017, 16:11 3 945 просмотра
KASE: АҚШ доллары бір апта ішінде 9,45 теңгеге арзандады  Қазақстанда

KASE: АҚШ доллары бір апта ішінде 9,45 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір АҚШ долларына 334,20 теңгені құрады. 13 қазан 2017, 16:01 2 240 просмотра
АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеді Әлемде

АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеді

АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеді. Осыдан бұрын Уашингтон ЮНЕСКО-ны Израильге қарсы көзқарасы үшін айыптаған болатын. Енді БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселері жөніндегі ұйымына фундаменталды реформалар қажет деген ұстанымдағы АҚШ, ЮНЕСКО-ға мүшеліктен бас тартуды ұйғарды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  13 қазан 2017, 15:49 1 846 просмотра
“Ғарыштық жерлеу” рәсімімен айналысатын компания ашылды Әлемде

“Ғарыштық жерлеу” рәсімімен айналысатын компания ашылды

2017 жылдың қараша айында ғарышта жерлеу рәсімі өтеді. Өлген адамның күлі Жерден 34 мың километр қашықтықта шашылады.“Ғарыштық жерлеу” рәсімінің құны 795 фунт стерлингті құрайды.Бұл туралы РЕН-ТВ хабарлайды. 13 қазан 2017, 15:46 1 566 просмотра
Түнгі қасапшылар Оқиға

Түнгі қасапшылар

Қазанның 12-сі күні түнгі сағат 3-терде облыстық жол-патрульдік полициясы Атырауға кіре берерде Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Жеңіл автокөліктің жүк салғышының тым төмендеп, жер сызып бара жатқаны қырағы полицейлердің күдігін туғызған. Тексерген кезде жүк салғыштан құжаты жоқ үш сиырдың еті, арқан, балта, пышақ табылған. 13 қазан 2017, 15:03 3 644 просмотра
Астана Қырғызстан президенті сайлауын бақылаудан бас тартты Қазақстанда

Астана Қырғызстан президенті сайлауын бақылаудан бас тартты

"Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қырғызстанда өтетін президент сайлауына бақылаушы жіберуден бас тартты" деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровқа сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері. 13 қазан 2017, 13:19 2 694 просмотра
Қырғыз үкіметі "Исаков пен Назарбаевтың әңгімесін" түсіндірді Қазақстанда

Қырғыз үкіметі "Исаков пен Назарбаевтың әңгімесін" түсіндірді

Қырғызстан үкіметі Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің қырғыз премьер-министрі Сапар Исаковтың Сочиде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен "шекарадағы жағдайды талқылағанын" жоққа шығарған мәлімдемесіне жауап берді. 13 қазан 2017, 11:35 2 266 просмотра
Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Володинмен кездесті Қазақстанда

Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Володинмен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербургтегі 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына қатысу аясында РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. 13 қазан 2017, 10:40 1 721 просмотра