Қазақстандық вице-министр тұрғынды өлім аузынан алып қалды

766 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары жұмыс орнында тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Марат Шоранов © PHOTO : ПРЕСС-СЛУЖБА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов

Дүйсенбі, 3 тамыз күні Марат Шоранов денсаулық министрлігіне, жұмысына келген. Осы кезде 1969 жылы туған әйел бесінші кіреберістің баспалдағымен көтеріліп бара жатқан. Ол кенеттен есінен танып, құлай жаздады.

Шоранов әйелді ұстап қалды. Оның көгеріп кетіп, асфиксия болғанын көрген. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізушіге "отвертка" әкелу керек екенін айтқан. Ол қажет болса, трахеостома жасамақ болған.

Әйел есін жиып, тыныс ала бастады. Жедел жәрдем шақыртылып, жалпы хирургия және проктология бқлімшесіне жеткізілді. Ішіктің жабысып бітелуі деген диагноз қойылды. 

Дәрігерлер тұрғынның жағдайы жақсарғанын айтты. 6 тамыз күні ауруханадан шығарылады.

Дереккөз: sputniknews.kz

5 тамыз, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.