Атырау, 28 наурыз 16:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Құрманғазы ауылы: «әлеуметтік арақашықтықты» қалай сақтауға болады?

3 931 просмотра

Банкомат жанында адам көп – мұндай көріністі Құрманғазы ауданындағы өзімен аттас ауылында жиі көруге болады. Таңнан кешке дейін еңбекақы, жәрдемақы немесе зейнетақысын алуға кезекке тұрған адамның кезегі жетуі де екіталай, одан қалса, банкоматта ақша жетпей қалуы да ғажап емес.

Мұның себебі аудан орталығында небары 3 банкомат бар – біреуі Халық банкінікі және екеуі Казпочтаныкі. Оны тек 13 мың халқы бар Құрманғазы ауылының тұрғындары емес, 57 мың халқы бар бүкіл аудан пайдаланады. Қазір айдың басы, ақша түсе бастаған нағыз қарқынды кезең... Күн де ыстық, көлеңке паналап жүрген бір адам. Мұндайда қайдағы карантин шаралары, «әлеуметтік арақашықтықты» қалай сақтайсың?

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 тамыз 2020, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.