Атырау, 20 сәуір 08:05
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда жоспарлы емдеу басталды

2 733 просмотра

Атырау емханалары мен стационарлары жоспарлы емдеу шараларын бастады. Алайда пациенттер COVID-19-ға тест тапсыруы тиіс, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Емханалар күндізгі стационарда пациенттерді емдеу үшін қабылдайды және оларды ауруханаға жатқызуға дайындайды.

- Гипертония, қант диабеті, астма сынды ауруларға шалдыққан науқастар алдын ала учаскелік дәрігерге көрінеді. КВИ нәтижесі 5 күнге жарамды, мемлекеттік емханаларда оларды тегін жасайды. Ауруының күрделілігіне қарай науқас күндізгі стационарда немесе ауруханаларға жатып емделе алады. Оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Ол үшін науқасты учаскелік дәрігері порталға енгізіп қояды. Порталда күту кезеңі – бір апта көлемінде болуы мүмкін. Ол ауруханадағы науқастар санына байланысты белгілі болады, - дейді №1 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері Әсия НАРЫМБАЕВА. Айтпақшы, қазіргі уақытта бұл емханада жоспарлы емдеу шарасы бойынша науқастарды қабылдау басталған. 12 орындық күндізгі стационар бөлімшесі Сәтпаев даңғылы, 21 «б» үйде орналасқан. Осы жерде 20 орындық провизорлық стационар қызмет етеді. Емдеу орнына кіретін есіктері бөлек.

Өткен аптада Атыраудағы емханалар портал арқылы жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама бере бастады. Ең алдымен, неврологиялық аурулары бар балалар, жүрек аурулары бар науқастар, сондай-ақ ауыр халдегі ересектер - Нұр-Сұлтан мен Алматыға жолдама алды. Пациенттерді жіберер алдында оларды қайтадан коронавирус инфекциясына тексереді. Жолдама теріс нәтиже болған жағдайда ғана беріледі.

Атырау облыстық ауруханасы да тамыз айының ортасында күрделі оталар жасауды жоспарлауда. Стационар жұқпалы аурулар орнын 200-ге дейін азайтып, жоспарлы емдеуге дайындалуда. Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ құрылып келеді.

- Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық және оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеуді бастаймыз, - дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол ИМАНҒАЛИЕВ. Айта кету керек, облыстық аурухана шілдеден бастап 400 кереуеттік жұқпалы аурулар стационары ретінде жұмыс жасады. Бірақ соңғы кезде мұнда науқастар саны азайды. Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне жұқпалы аурумен 60-қа жуық науқас түссе, қазір тәулігіне 15 науқасқа дейін қабылдаймыз. Осыған байланысты аурухана науқастарды жоспарлы түрде емдеуге кіріседі, бейінді бөлімшелерге 200 орын қайтарылады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 тамыз 2020, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.