Атырау, 29 наурыз 16:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Медқызметкерлер күресіп, өздері де ауырып, көз жұмды - енді төлеңіздер

3 098 просмотра

Бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың ресми тізіміне 12 медқызметкер енген. Олардың қатарында Махамбет ауданының медбикесі Бибігүл СҰЛТАНОВА да бар.

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ мәлімдеді. Бұдан басқа, 228 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған, ал пневмония туралы мәліметтер нақтылануда.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 тамызда Атырауда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне және алдыңғы шепте осы індетке қарсы күресіп, марқұм болған жандардың отбасына өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтеді. Дәлірек айтсақ, әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізілді, енді оның нәтижесі шығу керек. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 тамыз 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.