Атырау, 27 маусым 16:58
 дождьВ Атырау +25.8
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Түркия курорттарында коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

2 737 рет қаралды

Түркиядағы курорттарда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Соңғы уақытта алғаш рет ауру жұқтырғандардың күрт көбейгенін көріп отырмыз", - деді  Коджа.

Шенеуніктің айтуынша, Түркия жағдайдың соңы қауіпті болмауы үшін қолдан келгенін жасау керек.

Бұған дейін Қазақстан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашуды жоспарлағаны хабарланды.

"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ОКҚ онлайн-брифингінде.
5 тамыз 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.