Оңтүстік Кореяда 10 адамды құтқырған 28 жастағы Әлиакбар Юлдашев марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяда тұрақты тұруға құқық берілді.
Канвонд провинциясы Янъян уезінің басшысы қазақстандық Әлиакбар Юлдашевты ерлігі үшін нагдрасымен марапаттады. Әлиакбар корейліктер арасында Әли есімімен танымал екен.
Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі Қазақстан азаматымен қатар такси жүргізушісін де марапаттаған. Ол осы жылдың қаңтарында Сеулде өз-өзіне қол салмақ болған адамды құтқарған.
Әлиакбар бұл наградасы арқылы Оңтүстік Корея үкіметінен өтемақы алып, осы елде тұрақты тұруға мүмкіндік алды.