Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оралған қандастарға бұрынғыдай жеңілдік жоқ

2 788 рет қаралды

Атырау облысына жыл басынан бері  35 қандас отбасы (мамырға дейін оларды оралман дейтін), оның ішінде 25 отбасы Өзбекстаннан, 8 Қытайдан және 2 Украинадан тұрғылықты тұру үшін көшіп келді.

Қазақ еліне сағына жетіп, табан тірегендердің  басым бөлігі көршілес Өзбекстан республикасынан болып шықты. Дәл осы елден 35 адамы бар 25 отбасы оралды. Ал Қытайдан 8 отбасындағы 10 адам, Украинадан 2 адам келіпті.

- Басқа елден келген этникалық қазақтардың «қандас мәртебесін беру туралы» өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» орталығы арқылы түскен болатын, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА. - Олардың құжаттары қаралып, бәріне тиісті мәртебе берілді.

Айта кету керек, қазір этникалық еліне оралған қазақтарға көрсетілетін бұрынғыдай жеңілдіктер қысқартылған – мәселен, баспанамен қамту болмаса жұмысқа орналастыру мәртебелері алынып тасталған. Олар басқа Қазақстан азаматтарындай жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, кезекке қойылады. 27 отбасы Атырау қаласына қалуды ұйғарса, 6 отбасы Жылыой ауданына, ал бір отбасыдан Индер мен Мақат аудандарына орналасқан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 тамыз 2020, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.