Атырау, 17 маусым 02:20
 дождьВ Атырау +27.1
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Ирандағы наразылықтар кезінде мерт болғандар саны көбейді Әлемде

Ирандағы наразылықтар кезінде мерт болғандар саны көбейді

Иранда бірнеше күннен бері жалғасып жатқан наразылықтар барысында 10 адам мерт болғаны туралы осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлаған. Reuters агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, қаңтардың 1-і күні Наджафабад қаласындағы қақтығыстар кезінде наразы адам оқ атып, салдарынан полиция қызметкері өлген. Бұл елде наразылықтар басталғалы бері қауіпсіздік күштері өкілдерінен қаза тапқан алғашқы адам деп хабарланды. Үкімет өкілі Саид Монтазер әл-Махдидің мемлекеттік телеарнадан мәлімдеуінше, күдікті аңшы мылтығынан оқ атқан. Оқиға салдарынан тағы үш полиция қызметкері жараланған. 2 қаңтар 2018, 12:20 2 384 рет қаралды
Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр Әлемде

Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел халқын жаңа жылмен құттықтай келе, АҚШ-қа ядролық зымырандарды іске қосуға әзір отырғанын ескертті, деп хабарлады РИА Новости. 1 қаңтар 2018, 11:55 2 717 рет қаралды
​Иранда билікке қарсы наразылық шерулері өтті Әлемде

​Иранда билікке қарсы наразылық шерулері өтті

Иранда 2009 жылдан бері алғаш рет билікке қарсы наразылық шерулері өтті. Толқу Мешхед қаласында азық-түлік бағасының өсуіне қарсылықтан басталып, соңы саяси талаптарға ұласып, полициямен қақтығыс болды. 31 желтоқсан 2017, 10:47 2 364 рет қаралды
Навальный Орталық сайлау комиссиясын сотқа берді Әлемде

Навальный Орталық сайлау комиссиясын сотқа берді

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ресй Жоғарғы сотына Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өзін президенттікке кандидат қылып тіркеуден бас тартқан шешіміне шағым түсірді. Бұл туралы Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының заңгері Иван Жданов хабарлады. Шағым 30 желтоқсанда қаралады. 29 желтоқсан 2017, 09:41 2 362 рет қаралды
Тәжікстан ата-аналарына қарамағандарға жазаны күшейтті Әлемде

Тәжікстан ата-аналарына қарамағандарға жазаны күшейтті

Тәжікстан парламенті 21 желтоқсанда қарт ата-аналарына дұрыс қарамағандарға жазаны күшейтетін заң қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап. 28 желтоқсан 2017, 15:41 2 254 рет қаралды
​Өзбекстанда президент сынынан кейін 24 лауазымды тұлға қызметінен кетті Әлемде

​Өзбекстанда президент сынынан кейін 24 лауазымды тұлға қызметінен кетті

Өзбекстанда Қаржы министрлігінің 24 лауазымды тұлғасы қызметінен кетті. Бұл ел президенті Шавкат Мирзиеевтің 22 желтоқсандағы парламентке Жолдауында аталған министрлік жұмысын қатаң сынға алғаннан кейін болды, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.  27 желтоқсан 2017, 16:29 3 101 рет қаралды
​Солтүстік Кореяның ядро қаруы бағдарламасын жасағандарға санкция салынды Әлемде

​Солтүстік Кореяның ядро қаруы бағдарламасын жасағандарға санкция салынды

БҰҰ Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын дамытуға жауапты Ким Чен Сик пен Ри Пхень Чольға қарсы санкция енгізді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бұл қатаң шараны Пхеньянның үздіксіз зымыран сынақтарын өткізу себебінен қабылдап отыр.  27 желтоқсан 2017, 12:44 2 678 рет қаралды
Ресей Сирияда тұрақты әскери күш орналастыруға кірісті Әлемде

Ресей Сирияда тұрақты әскери күш орналастыруға кірісті

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей Сирияның Тартус әскери-теңіз базасы мен Хмеймим аэродромында тұрақты әскер орналастыруға кіріскенін мәлімдеді. Шойгу 26 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада «негізгі орналасу пунктерінің штаты мен құрылымын бекіткенін» және Ресейдің ол базаларда «тұрақты әскери күш құруға кіріскенін» айтты. 27 желтоқсан 2017, 11:28 2 648 рет қаралды
«Екі генералдың погонын жұлып алдым!». Өзбекстанда бұрынғы ішкі істер министрі үйқамауға алынды Әлемде

«Екі генералдың погонын жұлып алдым!». Өзбекстанда бұрынғы ішкі істер министрі үйқамауға алынды

Өткен жұмада парламентте сөйлеген сөзінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елдің бұрынғы ішкі істер министрі Адхам Ахмедбаевты опасыздық жасады деп айыптаған болатын. Қазіргі мәліметтер бойынша экс-министр генерал шенінен айырылып, үйқамаққа алынған. Бұл жөнінде rus.ozodlik.org өзінің дереккөздеріне сүйеніп хабарлайды. 27 желтоқсан 2017, 10:51 3 257 рет қаралды
Ресейде жеке тұлғаларға банктен есеп-шотты онлайн ашуға мүмкіндік берді Әлемде

Ресейде жеке тұлғаларға банктен есеп-шотты онлайн ашуға мүмкіндік берді

Ресей азаматтары алдағы жаздан бастап банктерден есеп-шотты онлайн ашуға мүмкіндік алды. Ресейдің Орталық банкінің хабарлауынша Федерация Кеңесі жеке тұлғаларды қашықтықтан сәйкестендіруге мүмкіндік беретін заңды қабылдаған. 27 желтоқсан 2017, 09:46 1 494 рет қаралды
Путинді президентікке кандидат ретінде ресми түрде ұсынды Әлемде

Путинді президентікке кандидат ретінде ресми түрде ұсынды

Ресей президенті Владимир Путинді 2018 жылы өтетін президент сайлауына ресми түрде кандидат ретінде ұсынды. Мәскеудің ВДНХ сарайында өткен бастамашыл топ жиынына 600-ге жуық адам қатысты. 27 желтоқсан 2017, 09:40 2 342 рет қаралды
Грузия: Панкисиде антитеррорлық операция өтіп жатыр Әлемде

Грузия: Панкисиде антитеррорлық операция өтіп жатыр

Грузияның шешендер көп тұратын Панкиси шатқалында ауқымды арнайы операция барысында бір адам жараланып, күдікті үш адам қолға түсті. Ұсталғандар«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінген. Шешенстанмен шектесетін Джоколо және Дуиси ауылдарындағы арнайы операция сейсенбіге қараған түні басталды. 26 желтоқсан 2017, 15:12 2 421 рет қаралды
​Швейцарияның Еуроодақпен қарым-қатынасы шиеленісті Әлемде

​Швейцарияның Еуроодақпен қарым-қатынасы шиеленісті

Келіссөз Брюссель биржа құн Швейцария Еуроодақ Швейцария билігі Еуроодақпен қарым-қатынас жөнінде жалпыұлттық рефрендум өткізуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Дорис Лойтхард мәлімдеді.  26 желтоқсан 2017, 13:02 1 861 рет қаралды
Собчак сайлауға бойкот жариялаудан бас тартты Әлемде

Собчак сайлауға бойкот жариялаудан бас тартты

Тележүргізуші Ксения Собчак Алексей Навальныйды президент сайлауына қатысуға жібермеуді «тым әділетсіз әрі биліктің кезекті үлкен қателігі» деп атады. Бірақ соған қарамастан, ол оппозиционердің сайлауға бойкот жариялауға шақырған үндеуін қолдаудан бас тартты. Ксения Собчак Ресейде 2018 жылы 18 наурызға белгіленген президент сайлауына түсуден үмітті. 26 желтоқсан 2017, 11:08 2 468 рет қаралды
Рамзан Кадыров Шешенстанның өз әлеуметтік желісі болатынын айтты Әлемде

Рамзан Кадыров Шешенстанның өз әлеуметтік желісі болатынын айтты

2018 жылы Шешенстанда Mylistory атты жаңа әлеуметтік желі іске қосылады. Бұл туралы аталған мемлекет басшысы Рамзан Кадыров айтып өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап. 25 желтоқсан 2017, 17:07 2 433 рет қаралды