Францияда толассыз бораған қар көлік қозғалысын бөгеп тастады. Мамандардың айтуынша, соңғы күндері қалаға қалыңдығы 15 сантиметр қар жауған. Автобустар мен трамвайлар тоқтап, мыңдаған адам жұмыстарына бара алмай қалған.
Табиғаттың тосын мінезіне байланысты әйгілі Эйфель мұнарасы да уақытша жабылды. Дегенмен, бірқатар қала тұрғыны ауа райының қолайсыздығына қарамастан шаңғы тебуге шығыпты.
Николь, Париж тұрғыны:
- Қыс мезгілінде қардың жаууы заңдылық. Дегенмен, билік оның салдарымен күресуге дайын болмай шықты. Автобустардың жүрмеуі, әрине тұрғындарды әбігерге салды. Көпшілігі тіпті жұмыстарына бара алмай отыр.
Матье, Фонтене-су-Буа тұрғыны:
- Көлігімді тазаламақшы болып едім, қардын қалыңдығы қол байлады. Жолдарды күреп үлгере алмай жатыр. Cондықтан темір тұлпарымды үйде қалдырып, қоғамдық көлікке отыруыма тура келді.
Дереккөз: 24.kz