Атырау, 1 мамыр 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

АҚШ үкіметі жұмысын тоқтатуға мәжбүр

1 579 просмотра


АҚШ конгресі бюджетті мақұлдамай тарап кетті. Федералды органдар түн ортасында (Астана уақытымен 11:00) жұмысын автоматты түрде тоқтата бастады. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаттың сайтында конгрестің жоғарғы палатасының жұмысы 00:01 кейін (Астана уақытымен 11:01), яғни бюджеттік мерзім аяқталғаннан кейін жалғасады деп хабарланды.

Сәрсенбіде республикалықтар мен демократтар бюджет туралы екі жылдық келісімшартты жариялады. Ол бюджеттің перманентті секвестрлеуін қысқартуға және уақытша бюджеттердің қабылдануына бағытталған. Алдағы екі жылда шығындар 300 миллиард долларға жетуі мүмкін.

Алайда, соңғы сәтте республикалық сенатор Рэнд Паул ағымдағы шектеулерді қаржыландыруды көздейтін түзетулеріне дауыс беруді талап етті.

Бұл бір айдың ішінде АҚШ үкіметі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған екінші жағдай. Қаңтарда федералдық органдар үш күн бойы кезекті уақытша заң жобасын қабылдау мерзімінің кешігуі себебінен жұмыс істеді, кейін бюджет 8 ақпанға дейін мақұлданды.

Дереккөз: Baq.kz

9 ақпан 2018, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.