Атырау, 14 желтоқсан 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Шығыс Гута аймағына тағы әуе соққысы жасалды

1 613 рет қаралды


Сирия әуе соққысы Шығыс Гута әлемде Сирия үкіметінің әскери әуе күштері Шығыс Гута аймағына тағы соққы жасады. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе шабуылынан 59 тұрғын қаза тапқан. Олардың 15 шақтысы – бала. 

139 адам жараланған. Түрлі деректерге қарағанда, соңғы 4 тәулікте қақтығыстардан қаза тапқандардың саны 200-ге жуықтады. Соққылардың көбі мектеп, базар және мешіт орналасқан аудандарға жасалған.  

Айта кетейік, Дамаскке жақын орналасқан Шығыс Гутаны оппозиция өкілдері билейді. Ал үкімет әскері бұл аймақты 2013 жылдан бері қоршауға алып, шабуылдап келеді.

Дереккөз: 24.kz

9 ақпан 2018, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.