Атырау, 17 маусым 01:23
 дождьВ Атырау +27.1
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Ердоған: Түркия Еуроодақ құрамына кіруді күтуден шаршады Әлемде

Ердоған: Түркия Еуроодақ құрамына кіруді күтуден шаршады

Түркия президенті Режеп Ердоған елінің Еуропа Одағы құрамына қабылдау туралы өтінішіне Брюссельден қандай жауап болатынын күтуден "шаршағанын" айтты. Парижде Франция президеті Эммануэль Макронмен келіссөз өткізген Ердоған Анкараның "шексіз күте алмайтыны" туралы мәлімдеген. Ол Түркия Еуропаға қарай алғашқы қадамды 54 жыл бұрын жасағанын айтқан. 6 қаңтар 2018, 12:05 2 310 рет қаралды
Мысырда туристер мінген әуе шары құлады Әлемде

Мысырда туристер мінген әуе шары құлады

Қаза болған – АҚШ азаматы, зардап шегушілердің азаматтығы әзірге белгісіз. Порталдың мәліметінше, оқыс оқиға күшті желдің салдарынан болған. Зардап шегушілер Луксордың ауруханасына жатқызылды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.   5 қаңтар 2018, 16:06 2 106 рет қаралды
АҚШ Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмектесуді тоқтатты Әлемде

АҚШ Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмектесуді тоқтатты

АҚШ Исламабад ауғандық талибтер мен «Хаккани желісі» деп аталатын исламшыл жасақтарға қарсы «батыл шаралар» жасамайынша Пәкістанға қауіпсіздік саласында көмек көрсетуді тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы 3 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт мәлімдеді. Нойерт нақты қандай көмек беру тоқтатылатынын әзірге айта алмайтынын білдірді. 5 қаңтар 2018, 10:58 1 584 рет қаралды
​КХДР Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келісті Әлемде

​КХДР Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келісті

КХДР қарым-қатынасты жақсарту мен спортшыларының Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылау үшін 9 қаңтарда Оңтүстік Кореямен келіссөз өткізуге келісім берді. Бұл туралы бүгін Корей Республикасының ұлттық бірігіу істері министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.   5 қаңтар 2018, 09:57 1 636 рет қаралды
Хилари Клинтонға қатысты жаңа тергеу басталды Әлемде

Хилари Клинтонға қатысты жаңа тергеу басталды

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы президенттікке үміткер болған Хилари Клинтонның қайырымдылық қорының жұмысын тексеруді қолға алды, деп хабарлайды РИА Новости Hill басылымына сілтеме жасап. 5 қаңтар 2018, 09:38 1 589 рет қаралды
Францияда "жалған жаңалықпен" күрес туралы заң дайындалмақ Әлемде

Францияда "жалған жаңалықпен" күрес туралы заң дайындалмақ

Францияда биыл интернетте жалған (фейк) ақпарат пен үгіт-насихаттың таратылуына қарсы заң дайындалады деп мәлімдеді осы ел президенті Эммануэль Макрон баспасөзге арнаған үндеуінде. Оның айтуынша, «үгіт-насихат материалдарын» әсіресе сайлау кезінде әлеуметтік желілердегі «мыңдаған аккаунттар» таратады.«Ол аккаунттар жалған ақпаратты бір демде бүкіл жерге жайып, саясаткердің, көпшілікке танымал адамдардың немесе журналистің беделін түсіре алады» дейді Макрон. 4 қаңтар 2018, 22:32 2 159 рет қаралды
​Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жылы қабақ танытты Әлемде

​Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жылы қабақ танытты

Соңғы кезде, Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы шиеленісті жағдайлар қайта оңала бастаған сыңай танытты. Солтүстік Корея сәрсенбі күні екі ел арасындағы тікелей жалғанатын байланыс қоңырауын қайта іске қосып, осы бастамалары арқылы келер айда Пюңяңда (Пхеньян/Pyongyang) болатын Қысқы олимпияда жайлы ақылдасуға жол ашты. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлады.  4 қаңтар 2018, 14:41 3 485 рет қаралды
​Иран билігі ереуілдің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді Әлемде

​Иран билігі ереуілдің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді

Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қолбасшысы Мохаммад Әли Джаафари елдегі 2017 жылдың бүлігі ереуілге шыққандар үшін нәтижесіз аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости ИРСК-нің ақпараттық порталына сілтеме жасап.  4 қаңтар 2018, 10:43 1 852 рет қаралды
БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады Әлемде

БАҚ: Сирияда Ресей базасы атқыланып, әскери ұшақтар қирады

Сириядағы Ресейдің Хмеймим әуе базасында 31 желтоқсан күні минометтен атқылаудан кем дегенде жеті әскери ұшақ зақымданып, істен шыққан. Он шақты әскери қызметкер жараланған. Бұл туралы әскери және дипломатиялық ортадағы дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік «Коммерсантъ» газеті хабарлады. Жараланғандардың сириялық, я ресейлік әскерилер екені айтылмайды. Ресей қорғаныс министрлігі әзірге бұл ақпаратқа комментарий бермеді. 4 қаңтар 2018, 10:26 2 756 рет қаралды
​Дональд Трамп: «Иран халқы жемқор билік режиміне қарсы әрекет ете бастады» Әлемде

​Дональд Трамп: «Иран халқы жемқор билік режиміне қарсы әрекет ете бастады»

Иранда өткен аптада басталған қоғамдық қарсылықтар әлі де тоқтаған жоқ. Мемлекеттік ақпарат құралы өткен түні қауіпсіздік қызметкерлері мен халық арасындағы қақтығыстан 9 адам қаза тапқанын хабарлады. 3 қаңтар 2018, 15:03 3 072 рет қаралды
Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен келіссөздер жүргізуге келісті Әлемде

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен келіссөздер жүргізуге келісті

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік қарусыздандырылған Пханмунджом аймағындағы арнайы байланыс арқылы Оңтүстік Кореямен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге келісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 3 қаңтар 2018, 12:01 1 965 рет қаралды
2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын жүйе қолданылады Әлемде

2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын жүйе қолданылады

2020 жылы Жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындары кезінде Жапония үкіметі ойын алаңдарына спортшыларды, журналистерді және ресми тұлғаларды кіргізу үшін адам келбетін анықтайтын жүйені қолданады, деп хабарлайды The Japan Times.  3 қаңтар 2018, 10:51 2 369 рет қаралды
Трамп Солтүстік Корея басшысына не деп жауап берді? Әлемде

Трамп Солтүстік Корея басшысына не деп жауап берді?

Дональд Трамп АҚШ-тың да ядролық батырмасы бар екенін еске салды. АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысына жауап ретінде мәлімдегендей, АҚШ-тың ядролық батырмасы Солтүстік Кореяныкіне қарағанда әлдеқайда қуатты. Трамп бұл мәлімдемесін Twitter аккаунтында жариялаған. 3 қаңтар 2018, 10:08 2 314 рет қаралды
​Өзбекстанның бұрынғы президенті туралы ресми мәліметке қайшы жаңа деректер жарияланды Әлемде

​Өзбекстанның бұрынғы президенті туралы ресми мәліметке қайшы жаңа деректер жарияланды

Ислам Кәрімов атындағы қор Өзбекстаннның бұрынғы президенті жайлы белгісіз болып келген деректерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   3 қаңтар 2018, 00:00 3 330 рет қаралды