Атырау, 22 қыркүйек 12:01
Күндіз ашық+23, кешке +16
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

​Ан-148 апатының бір себебі аталды

14 ақпан 09:26


Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) Ан-148 ұшағының апатқа ұшырауына ненің себеп болуы мүмкін екенін атады, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Комитет өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай ұшақ шамамен 1 300 метр биіктікте сағатына 465-471 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатқан кезде басталған. Осы сәтте әуе параметрлері модуліндегі көрсеткіште ауытқу пайда болған. Алдын ала жасалған сараптаманың қорытындысына қарағанда, әуе апатына ұшақтың жылдамдығы жайлы қате мәліметтер себеп болуы мүмкін. Ұшақ осы кезде мұзданып, құралдар қате мәліметтер көрсеткен. Ресейдің Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко комитеттің Мемлекетаралық авиациялық комитеті мамандары дайындаған алдын ала сараптаманы алғанын айтып өтті. 

"Тергеу мәліметтері қылмыстық істегі басқа материалдармен, яғни, Ресейдің Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу бас басқармасының өндірісіндегі істермен бірге қаралады. Авиациялық комитет мамандарының нұсқасы басқа нұсқалармен салыстырылып, тексеріледі", - деп хабарлады Светлана Петренко.

Еске салайық, 11 ақпанда күндізгі уақытта Ан-148 ұшағы сағат 14.21-де Домодедово әуежайынан ұшып шығып, 7 минуттан кейін, яғни 14.28-де күтпеген жерден радарлардың экранынан жоғалып кетті.  Жоғалып кеткен Ан-148 ұшағының бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Қылмыстық іс қозғалды.  

Ал кейінірек қаза тапқандар тізімі және оқиға орнынан суреттер жарияланды. Сондай-ақ, Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта ұлты қазақ жолаушының болғаны айтылады. Сондай-ақ, осыған дейін Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақ бортында Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болғаны хабарланды. 

Сергей Панченко Ресей Федерациясының Норильск қаласының Даму агенттігін басқарған. Норильсктің қалалық кеңесінің депутаты болған. Ал кейінірек Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болғаны айтылды. БАҚ мәліметінше, осы әуе апатынан қаза тапқандар арасында Алтай өңірінің тұрғыны Илья Ставский болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

455 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Америкада алаяқтық жасады деп қамауға алынғандардың туыстары Тараздан табылды   115 рет қаралды

​Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған  447 рет қаралды

60 минутта үлгеру керек  1623 рет қаралды

Оралда ұшақтың апатты жағдайда қонуына құстар себеп болған  523 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6