Атырау, 14 желтоқсан 05:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Саакашвили Нидерландта тұруға рұқсат алды

2 133 рет қаралды


Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Нидерланд төлқұжатын алды. Бұл жайында саясаткердің өзі Facebook-те хабарлады. Саакашвили Украина азаматтығын қайтарып алу ниетінен танбайтынын мәлімдеді.

Украинадағы "Жаңа күш" оппозициялық қозғалысының жетекшісі, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили нидерландылық Сандра Рулофсқа үйленген. Осыған байланысты оның Еуропа Одағы (ЕО) аумағында тұруына құқығы бар. Нидерланд төлқұжаты арқылы ол ЕО елдерінде жұмыс та істей алады.

12 ақпан күні Украина шекара қызметінің өкілдері Киевте мейрамханада Михаил Саакашвилиді ұстап, ұшақпен Польшаға депортациялаған. Ол Украинаға бытыр Польша арқылы барған еді. Украина билігі саясаткер шекарадан заңсыз өтті деп біледі.

Дереккөз: azattyq.org

15 ақпан 2018, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.