Атырау, 14 желтоқсан 05:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Ресей әуежайының күзетшілеріне электрошокер қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

1 630 рет қаралды


Ресей Госдумасының қаралымына әуежай күзетшілерінің электрошокер қолдану құқығы туралы заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ТАСС. 

Құжатта аталмыш бастама «көлік қауіпсіздігі қызметкерлеріне  азаматтық қорғану қаруы, яғни электрошок құрылғыларын қолдануға рұқсат беретін нормаларды қарастырады» деп жазылған. 

Электрошокерлерді жекеменшік күзет, сот приставтары, Аңшылықты мемлекеттік қадағалау полиция қызметкерлері, Ресей Гвардиясы жауынгерлері және қарапайым азаматтар қолдана алады. 

Ресей азаматтары мен шетелдіктер мұндай қаруды лицензиясыз-ақ сатып ала алады. Көлік қауіпсіздігі қызметкерлеріне атыс қаруын қолдануға  рұқсат берілмеген, себебі халық  көп жиналатын  нысандарда адамдарға оқ тиіп кетуі мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2018, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.