Атырау, 14 желтоқсан 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Австралия Ресейді хакерлік шабуыл жасады деп айыптады

3 537 рет қаралды


Австралия Ресейге 2017 жылдың маусым айында NotPetya вирусын пайдаланып жаппай кибершабуыл ұйымдастырды деген айып тақты. Бұл туралы Австралияның құқыққорғау және киберқауіпсіздік жөніндегі министрі Энгус Тейлордың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

«АҚШ және Ұлыбритания елімен өткен кеңестің қорытындыларынан кейін Австралия үкіметі бұл оқиғаның жауапкершілігін Ресей қолдады деген шешімге келді», - деді Энгус Тейлор.

Сонымен қатар, ол Австралия үкіметі әлемдік экономикаға елеулі қатер төндіруде Ресейді айыптайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақ үй, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі, Данияның Қорғаныс министрлігі Ресейді NotPetya вирусын қолданып, ірі масштабты кибершабуылды жүзеге асырғаны үшін айыптаған.

Ал, Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің хакерлік шабуылдарға қатысы бар деген айыптауды негізсіз деп санайды.

Дереккөз: Baq.kz

16 ақпан 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.