Атырау, 3 маусым 01:33
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Кувейт Ирак еліне 2 млрд АҚШ долларын бөледі

2 114 рет қаралды


Кувейт Ирак экономикасын қалпына келтіру үшін екі миллиард АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы Кувейт әміршісі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Кувейт мемлекеті Ирактың қалпына келтірілуіне 1 млрд АҚШ долларын несиемен және 1 млрд АҚШ долларды құрайтын инвестиция салатыны туралы мәлімдеймін», - деді әмірлік басшысы.

Кувейт астанасында Ирактың соғыстан кейінгі жағдайын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Әлемнің 70-тен астам елінің және 1,4 мыңнан астам компания өкілдерінің қатысуымен ауқымды іс-шара басталды.

Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың Иракқа қандай көлемде қаржылай көмек көрсететіні жарияланады.

Бұған дейін, Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади террористік топтарды жеңгеннен кейін Ирактың инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін 55-тен 100 миллиард долларға дейін қаражат қажет деп мәлімдеген болатын

Дереккөз: Baq.kz

14 ақпан 2018, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.