Атырау, 14 желтоқсан 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Непалда компартия жетекшісі премьер-министр қызметіне тағайындалды

1 510 рет қаралды


Непал үкіметін 8 ай басқарған премьер-министр Шер Бахадур Деуба қызметінен алынып, оның орнына Непал коммунистік партиясының жетекшісі Кхадгу Прасада Шарма Оли тағайындалды.

Деубаның биліктен кетуіне өзі жетекшілік ететін «Непал конгресі» партиясының парламенттік сайлауда жеңіліп қалуы себеп. Өйткені қос коммунистік партиядан құралған солшыл одақ төменгі палатадағы 275 орынның 174-іне ие болды. Ал Непалда парламент төменгі палатасының сайлауы өткен жылы қараша мен желтоқсан айында өткізілген болатын. Бірақ сайлау комиссиясы оның қорытындысын өткен аптадағы жоғарғы палата сайлауы нәтижесі белгілі болмайынша жарияламай келді. Ал коммунистер бұл додада да жеңіске жетті. Олар 56 орынның 40-ына иелік етеді.

Дереккөз: 24.kz

16 ақпан 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.