Атырау, 20 қыркүйек 23:25
 дождьВ Атырау +24.6
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Сауд Арабиясында әйелдерге абайя кимеуге рұқсат берілді

2 676 рет қаралды


Сауд Арабиясында әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді, деп мәлімдеді Абдулла Әл-Мутлак, деп хабарлайды "Әл-Жазира".

"Мұсылман әйелдерінің 90%-ы абайя кимейді, бізде оларды бұған мәжбүрлемеуіміз керек", — деп мәлімдеді ол телеарна арқылы сөйлеген сөзінде. 

Шейх Абдулла Аль-Мутлак Сауд Арабиясындағы жоғары діни органның мүшесі. Айта кетейік, мұндай мәлімдеме жоғары лауазымды дін өкілінің тарапынан алғаш рет жасалып отыр.

Абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.

Дереккөз: sputniknews.kz

14 ақпан 2018, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.