Атырау, 14 желтоқсан 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​АҚШ-та 1,5 мың әуе рейсі кейінге шегерілді

2 299 рет қаралды


АҚШ рейс қар ауа райы синоптик АҚШ-тың орталық батысында қалың қар жауып, боранның ұйытқи түсуіне байланысты бір жарым мың әуе рейсі кейінге шегерілді. 

Табиғаттың тосын мінезінен Детройт пен Чикаго қаласындағы әуежайлар көп зардап шегіп отыр. Бораған қардан көлік қатынасы тұралап жолдарда апат жиіледі. 

Ал синоптиктер  алдағы тәуліктерде қар соңғы 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп жауады деген болжам жасады. Ақ ұлпаның қалыңдығы 20-30 сантиметрден асуы мүмкін екенін айтады. 

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында әдетте жылы болатын АҚШ-тың оңтүстік-шығыс штаттарында күн суытып, қар жауып, 16 адам көз жұмған болатын.

Дереккөз: 24.kz

10 ақпан 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.