Атырау, 29 наурыз 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

Түрікменстанда доллар қымбаттап, артынша азық-түлік бағасы өсті

2 351 рет қаралды


10 ақпанда Түрікменстанда доллар бағамы 14-15 манатқа дейін өсті. Артынша азық-түлік бірден қымбаттады. Бірінші кезекте импорт өнімдерінің бағасы өскен, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Хроника Туркменистана» басылымының мәліметінше, 5 литрлік күнбағыс майы 46-дан 58 манатқа, бір келі қант бағасы 5-тен 7 манатқа дейін қымбаттады.

Қазақстан ұнының бағасы екі есеге - бір келі ұн 2 манаттан 4 манатқа дейін өсті.

6 келілік Persil кір жуғыш ұнтағы 65 манаттан 96 манатқа бір-ақ көтерілді.

Жергілікті «Ахал» майы 5-ден 8 манатқа қымбаттады.

Дереккөз: Baq.kz

12 ақпан 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.