Иран КХДР спортшылар Ақ Олимпиада Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысып жатқан спортшыларға Оңтүстік Корея елінен шығарылатын озық үлгідегі Samsung смартфоны тарту етілді.
Бірақ бұл сыйлықтан Иран мен Солтүстік Кореяның атлеттері құралақан қалған екен. Халықаралық Олимпиада комитеті смартфон сыйлықты бермеуге аталған қос елге салынған санкциялар себеп болғанын алға тартты. Бұл жағдай бірден ирандықтардың шамына тиді.
Артынша Иранның Сыртқы істер министрі Тегерандағы Оңтүстік Корея елшісін шақыртып алып, ресми Сеулдың оқиға үшін кешірім сұрауын талап етті. Кешірім сұрамайынша, Иран Samsung өнімдерінен мүлде бас тартатыны жария етілді. Тек осындай наразылықтан кейін ғана ХОК аталған елдердің спортшыларына кеш те болса, смартфондар берілетінін мәлімдеді.
Дереккөз: 24.kz