Атырау, 10 қазан 08:50
 дождьВ Атырау +10.8
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Әлемде

Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған шабуылдан "бірнеше адам қаза тапты" Әлемде

Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған шабуылдан "бірнеше адам қаза тапты"

Жаңа Зеландияда Крайстчерч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалды. Билік қанша адамның қаза тапқанын әлі айтқан жоқ, бірақ премьер-министр Джасинда Ардерн "көп адам құрбан болды" деді. Ондаған адам жаралған. 15 наурыз 2019, 10:56 2 457 рет қаралды
АҚШ Венесуэланың жүздеген азаматына берілген визалардың күшін жойды Әлемде

АҚШ Венесуэланың жүздеген азаматына берілген визалардың күшін жойды

АҚШ Венесуэла азаматтарына берілген 340 визаны қайтарып алды. Оның 107-сі президент Николас Мадуроның қол астында істейтін дипломат пен олардың отбасыларына тиесілі болған. Бұл туралы журналистермен кездескен АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі хабарлады. 15 наурыз 2019, 09:43 2 135 рет қаралды
Ресейдегі бір ауруханада жүзден аса балаға С гепатиті жұққан Әлемде

Ресейдегі бір ауруханада жүзден аса балаға С гепатиті жұққан

Ресейдің Благовещенск қаласындағы Амур облыстық балалар ауруханасының онкологиялық бөлімінде соңғы бірнеше жылда С гепатиті жұққан бала саны жүзден асқан. Бұл туралы 14 наурызда "Коммерсантъ" газеті хабарлады. 14 наурыз 2019, 16:23 1 969 рет қаралды
​Boeing компаниясы «737 Max 8» және «Max 9» әуе кемелерін ұшыруды тоқтатты Әлемде

​Boeing компаниясы «737 Max 8» және «Max 9» әуе кемелерін ұшыруды тоқтатты

АҚШ Boeing 737 Max 8 және Max 9 әуе кемелерінің ұшуларын тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 14 наурыз 2019, 11:46 2 233 рет қаралды
​НАТО Қара теңізде болуы мүмкін тұрақсыздыққа дайындалуда Әлемде

​НАТО Қара теңізде болуы мүмкін тұрақсыздыққа дайындалуда

НАТО болашақта Қара теңізде болуы мүмкін тұрақсыздыққа дайындалуда. Наурыз айының 13-і күні Лондон қаласында Халықаралық қатынастар корольдік институтының ұйымдастыруымен Еуропа елдері өкілдерінің бас қосуы өтті.  14 наурыз 2019, 11:29 1 701 рет қаралды
Бразилия мектебіне жасалған шабуылдан кем дегенде сегіз адам қаза тапты Әлемде

Бразилия мектебіне жасалған шабуылдан кем дегенде сегіз адам қаза тапты

13 наурызда Бразилияның Сан-Паулу қаласының іргесіндегі мектепке шабуыл жасалып, кем дегенде бес оқушы мен мектептің екі қызметкері қаза тапты. Биліктің мәліметінше, шабуыл жасағандар – бұрын осы мектепте оқыған екі оқушы. Кейіннен олардың бірі қасындағы серігін, артынша өзін атып өлтірген. 14 наурыз 2019, 10:54 2 106 рет қаралды
Шекарадағы даудан соң жүзге тарта көлік Тәжікстанға өте алмай тұр Әлемде

Шекарадағы даудан соң жүзге тарта көлік Тәжікстанға өте алмай тұр

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы Кок-Таш ауылында Ош-Исфан бағытындағы жүзге тарта көлік тоқтап тұр. Жүргізушілер тәжік шекарасына өте алмай тұр. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады. 14 наурыз 2019, 10:13 1 433 рет қаралды
Шыңжаң басшысы лагерьлерде қамалған адамдар саны туралы айтты   Әлемде

Шыңжаң басшысы лагерьлерде қамалған адамдар саны туралы айтты

Наурыздың 12-сі күні Пекинде өткен ұлттық халықтық конгресс жиынында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі халықтық үкіметінің жетекшісі Шохрат Закир халықаралық қауымдастықта сынға ұшыраған даулы лагерьлердің "бірте-бірте жойылуы мүмкін" екенін айтқан.   13 наурыз 2019, 16:51 1 774 рет қаралды
АҚШ "Талибанмен" келіссөзді жалғастыруға мүдделі Әлемде

АҚШ "Талибанмен" келіссөзді жалғастыруға мүдделі

12 наурызда Катар астанасы Дохада АҚШ пен "Талибан" қозғалысы өкілдері арасындағы бейбіт келіссөздің ең ұзақ кезеңі аяқталды. АҚШ-тың Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадтың сөзінше, келіссөз айтарлықтай табыс әкелгенімен, екі тарап Ауғанстаннан әскер шығару жайлы келісімге келе алмаған. 13 наурыз 2019, 16:22 1 768 рет қаралды
АҚШ конгресі Немцов қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырды Әлемде

АҚШ конгресі Немцов қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырды

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырып, қастандыққа қатысы бар азаматтарға санкция жариялау туралы қарар қабылдады. Құжатты 416 адам қолдап дауыс берген. Бір адам қарсы шыққан. 13 наурыз 2019, 16:04 2 135 рет қаралды
АҚШ өкілдер палатасы Кремль мен Путинге қарсы заңды мақұлдады Әлемде

АҚШ өкілдер палатасы Кремль мен Путинге қарсы заңды мақұлдады

АҚШ өкілдер палатасы сейсенбіде Кремльдің агрессиялық саясатына қарсы тұру және Ресей президенті Владимир Путиннің қызметімен байланысы бар жемқорлықты тексеру туралы заң жобаларын мақұлдады. 13 наурыз 2019, 15:48 2 147 рет қаралды
Роналдудың хет-тригі "Ювентусты" ширек финалға шығарды Әлемде

Роналдудың хет-тригі "Ювентусты" ширек финалға шығарды

Италияның "Ювентус" командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. 12 наурызда Турин қаласында өткен 1/8 финалдың қарымта матчында "Ювентус" Испанияның "Атлетико Мадрид" командасын жеңді - 3:0. Матчтағы үш голды да португалиялық ойыншы Криштиану Роналду салды. 13 наурыз 2019, 09:45 2 288 рет қаралды
Британия парламенті Еуроодақтан шығу туралы келісімнің жобасын тағы қайтарды Әлемде

Британия парламенті Еуроодақтан шығу туралы келісімнің жобасын тағы қайтарды

Ұлыбритания парламентінің Қауымдар палатасы Еуроодақтан шығу туралы келісімнің жобасын тағы қайтарды. Құжатты премьер-министр Тереза Мэй Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен келіскен болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның ЕО елдеріндегі меншікті тілшісі.  13 наурыз 2019, 09:32 1 922 рет қаралды
Путинге "құлпытас" қойған белсенді 28 күнге қамалды Әлемде

Путинге "құлпытас" қойған белсенді 28 күнге қамалды

Татарстандағы Набережные Челны қалалық соты Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар құлпытас қойып, қабірге ұқсас инсталляция жасаған белсенді Карим Ямадаевты 28 күнге қамады. 12 наурыз 2019, 16:31 2 857 рет қаралды
​Бішкекте "гей-парад" өтті Әлемде

​Бішкекте "гей-парад" өтті

Қырғызстанда "Кырк Чоро" қоғамдық қозғалысының  өкілдері 8 наурызда ел астанасында өткен әйелдер құқығын қорғау маршы үшін Бішкек мэрі Азиз Суракматовты отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды АКИpress. Белсенділердің ойынша, марш желеуімен Бішкекте гей-шеру өткен. Қозғалыс лидері Замирбек Кочорбаев бұған рұқсат берген адамдар қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді.  Бейнежазба 12 наурыз 2019, 11:55 2 506 рет қаралды