Arleigh Burke секілді зымыран қаруды басқаратын америкалық эсминецтер ресейлік зымырандар мен кемелерге аса қауіп төндіріп тұр.
Бұл туралы «Звезда» басылымы ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жанындағы Әскери-политехникалық зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Владимир Козиннің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Arleigh Burke — зымыран қаруды басқаратын эсминец. Оның 98 зымыран-тосқауылы, қанатты зымыраны, суасты кемелермен күреске арналған зымыраны, кемеге қарсы зымыраны бар бар. АҚШ-тың 2040 жылға қарай аяқталатын қазіргі кемеқұрылысы бағдарламасына сәйкес, 84-тен 96-ға дейін кемесі болуы тиіс. Олардың зымыран қорғанысына қарсы жүйесі бар және теңіздік базадағы қанатты зымырандармен қаруланған болады. Міне, бұл – нағыз қауіп», - деді сарапшы «Звезда» басылымына.
Дереккөз: baq.kz