Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған шабуылдан "бірнеше адам қаза тапты"

2 179 просмотра

Шабуыл жасалған Әл-Нұр мешіті алдында отырған азаматтар. Жаңа Зеландия, 15 наурыз 2019 жыл

Жаңа Зеландияда Крайстчерч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалды. Билік қанша адамның қаза тапқанын әлі айтқан жоқ, бірақ премьер-министр Джасинда Ардерн "көп адам құрбан болды" деді. Ондаған адам жаралған.

Мемлекеттік телеарналардың бірі "тоғыз адамның қаза тапқанын" хабарлағанымен, басқа басылымдар "құрбандар бұдан көп екенін" айтты. Жергілікті Herald газетінің жазуынша, 27 адам қаза тапқан.

Reuters агенттігі "айналамдағы адамдардың бәрі қансырап жатты" деген куәгер сөзін келтіреді. Шабуылды қанша адам жасағаны да әзірге белгісіз, бірақ үш ер адам мен бір әйел күдікті ретінде ұсталды.

Премьер-министрі Джасинда Ардерн "Мұндай жағдай бұрын болған емес. Бұл – ел тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі" деп мәлімдеді.

Шабуыл қала ортасындағы Әл-Нұр мешіті мен Линвуд қалашығындағы мешітке жасалған. Куәгерлердің айтуынша, әскери киімдегі автомат ұстаған азамат Әл-Нұр мешітінде жүрген азаматтарға оқ атқан. Биліктің хабарлауынша, мешітте бұл уақытта жүздеген адам болған.

Полиция комиссары Майк Буш 15 наурызда таңда "шабуыл жасағандарға қарсы операция әлі жалғасып жатқандықтан елдегі мешіттердің ешбірі бармай, үйде отырыңыздар" деген. Ол шабуыл жасалған маңда қолдан жасалған бірнеше жарылғыш зат табылғанын айтты.

Дереккөз: azattyq.org

 

15 наурыз 2019, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.