Венесуэлада қалған барлық дипломат осы аптаның
соңына дейін елден кетуі керек.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл елдегі жағдайдың ушығуына байланысты екенін мәлімдеді.
Құрама штаттар Венесуэладағы жағдайдың нашарлауын негізге ала отырып, ондағы өз елшілігінен барлық қызметкерді шығаруда.
Помпео бұл жөнінде бүкіл ел бойынша төрт күннен бері электр жарығы болмаған 11 наурыз күні кешке мәлімдеді.
Венесуэлада электр қуатының жаппай сөндірілуі мұнай экспортының тоқтатылуына алып келді. Қаржы сарапшыларының мәліметі бойынша, бұл қолма-қол ақшадан айырылған ел үшін күніне миллион доллар көлемінде шығын алып келіп отыр.
Венесуэла президенті Николас Мадуро электр қуатының сөндірілуі АҚШ тарапынан болып жатқан хакерлік шабуылдардың нәтижесі екенін айтты.
Дерерккөз: baq.kz