Атырау, 28 қараша 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путинге "құлпытас" қойған белсенді 28 күнге қамалды

2 687 просмотра

Ресей президенті Владимир Путинге Татарстанда қойылған "құлпытас".


Татарстандағы Набережные Челны қалалық соты Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар құлпытас қойып, қабірге ұқсас инсталляция жасаған белсенді Карим Ямадаевты 28 күнге қамады.

Сот Ямадаевты көпшілік акция өткізу не ұйымдастыру ережесін екінші мәрте бұзды деп таныған.

10 наурызда полиция белсендіні Ресей президентіне Набережные Челны қаласындағы тергеу комитеті ғимаратының жанында "құлпытас қойып", акция өткізді деген күдікпен ұстаған.

Путин суреті бар, астында "1952-2019" деп жазылған көктас пен молаға ұқсас темір қоршау жексенбі күні, 10 наурызда орнатылған. Белсенді сол күннің кешінен бері полиция бөлімшесінде болды.

Белсендінің адвокаты бұл шешімді аппеляцияға беретінін айтты.

Биыл жыл басында полиция Карим Ямадаевты Набережные Челны қаласында саяси репрессия құрбандарына қолдан жасалған ескерткіш қойғаны үшін ұстаған.

"Медуза" басылымы "ВКонтакте" әлеуметтік желісі Путин "моласының" суреттерін өшіріп жатқанын хабарлады. Компанияның баспасөз қызметі мұны "танымал адамның қаза болғаны туралы көпе-көрінеу жалған әңгімеге" балап, "компания адамды шатыстыратын жазба аз болғанын қалайтын қолданушылар талабын орындап" жатқанын айтты.

Дереккөз:azattyq.org

 

12 наурыз 2019, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.