Атырау, 28 қараша 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ конгресі Немцов қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырды

1 498 просмотра


АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың қазасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырып, қастандыққа қатысы бар азаматтарға санкция жариялау туралы қарар қабылдады. Құжатты 416 адам қолдап дауыс берген. Бір адам қарсы шыққан.

Қабылданған қарарда "Ресей президенті Владимир Путин мен оның үкіметі саяси қарсыластарына қастандық жасайды" деп жазылған.

Путин мен оның айналасындағы саясаткерлер "Немцов қазасын бүркемелейді" деп жиі айыпталады. Вашингтон қабылдаған құжат Мәскеуді саясаткер қазасына халықаралық тергеу жүргізуге, қазаға қатысы барларды санкция тізіміне қосуға шақырады.

Бұдан бөлек, құжат авторлары АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутсты бірігіп, Немцовтың қазасы жайлы конгреске баяндама дайындауға шақырады. Қарар ұсыныс сипатында жазылған және құжатты әлі сенат бекітуі керек.

Ресейлік оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атқан алты оқтан ажал құшты. Оның қазасы бойынша айыпталғандарға сот үкімі 2017 жылы шілдеде шыққан.

Саясаткерді атып өлтірген Заур Дадаевты 20 жылға бас бостандығынан айырды, тағы төрт адамға 11 жылдан 19 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы тағайындалды. Адам өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі күнге дейін анықталған жоқ.

Дереккөз: azattyq.org

13 наурыз 2019, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.