Атырау, 28 қараша 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ұлыбритания парламенті ЕО-дан келісімсіз шығуды қолдамады

1 641 просмотра


Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан келісімсіз шығу идеясын дауысқа салып, одан бас тартты.

Ұсынысты қауымдар палатасының 312-і депутаты қолдап, 308 қарсы шықты.

Бірақ құжат үкімет үшін заңды түрде міндетті емес. Енді бүгін парламент елдің Еуроодақтан шығу күнін кейінге шегеруді талқылайды. Егер депутаттар ұсынысты қолдаса, брексит бірнеше айға ұзартылуы мүмкін. 

Алайда Еуроодақ оған өз келісімін беруі тиіс. Еске сала кетейік, Ұлыбритания Еуроодақтан ресми түрде науырыздың 29-ы күні шығуы керек. Бірақ парламент Тереза Мэй үкіметінің одақтан шығу туралы 2 келісімін кері қайтарды.

Дереккөз: 24.kz

14 наурыз 2019, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.