Атырау, 13 сәуір 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Әлемде

БҰҰ-ның Малидегі миссиясына шабуылды "Әл-Қаида" бөлімі мойнына алды Әлемде

БҰҰ-ның Малидегі миссиясына шабуылды "Әл-Қаида" бөлімі мойнына алды

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Нусрат әл-Ислам" тобы Малидің солтүстігінде БҰҰ бітімгерлік миссиясына жасалған шабуылды мойнына алды. "Нусрат әл-Ислам" тобы бұл туралы мәлімдемесін 21 қаңтарда Telegram каналында жариялады. 21 қаңтар 2019, 16:20 2 356 рет қаралды
​Кремль: Жапониямен арадағы келіссөздер тығырыққа тірелді Әлемде

​Кремль: Жапониямен арадағы келіссөздер тығырыққа тірелді

Кремль Жапониямен арадағы Курил аралдары жөніндегі келіссөздер тығырыққа тіркелгенін мәлімдеді. Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, келіссөздерге Жапония премьер-министрі Синдзо Абэның мәлімдемесі әсер еткен.  21 қаңтар 2019, 10:29 1 567 рет қаралды
​Суданда журналистер мен қоғам белсенділері жаппай тұтқындалуда Әлемде

​Суданда журналистер мен қоғам белсенділері жаппай тұтқындалуда

Судан билігі қоғам белсенділері мен журналистер жаппай тұтқындауда. Аталмыш тұтқындау бұйрығын Мемлекеттік қауіпсіздік прокуратурасы деп аталатын құзырлы орын шығарған.  21 қаңтар 2019, 10:23 1 686 рет қаралды
​Араб елдері Кедендік одақ құрмақ Әлемде

​Араб елдері Кедендік одақ құрмақ

Бейрут қаласында өткен Араб елдері лигасының саммитінде ұйымға мүше елдер кеден одағы мен ерекін сауда аймағын құруға байланысты келісімге келді. Араб елдері лигасы бас хатшысының орынбасыры Хусам Закидің сөзінше, кеден одағы аясында бірігу лигаға мүше 20 мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және одан ары тұрақты дамуына септігін тигізеді.  21 қаңтар 2019, 10:21 2 055 рет қаралды
Трамп шекараны тұтас дуалмен қоршау идеясынан бас тартты Әлемде

Трамп шекараны тұтас дуалмен қоршау идеясынан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні халыққа арнаған мәлімдемесінде Мексикамен шекарадағы дуал құрылысын қаржыландыру мен "шатдаунды" (үкімет жұмысының жартылау тоқтауы) тоқтатуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. 21 қаңтар 2019, 10:04 2 366 рет қаралды
​"Сары жилеттер" Францияда түрмеге басакөктеп кірді Әлемде

​"Сары жилеттер" Францияда түрмеге басакөктеп кірді

Франция шығысында Дижон қаласында 50-ден аса ереуілге шыққан адамдар сенбіде түрменің аумағына басакөктеп кірген, олар өз серіктестерін босатуды талап еткен, - деп хабарлайды BFMTV телеарнасы. 20 қаңтар 2019, 11:53 2 093 рет қаралды
Бакуде оппозиция өкілдері саяси тұтқындарды босатуды талап етті Әлемде

Бакуде оппозиция өкілдері саяси тұтқындарды босатуды талап етті

Әзербайжан астанасы Бакуде сенбі күні оппозиция өкілдері өткізген митингке мыңға жуық адам жиналған. Олар блогер Мехман Гусейнов пен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап еткен. 20 қаңтар 2019, 11:43 1 868 рет қаралды
Лукашенко Ресеймен ортақ валюта шарттарын атады Әлемде

Лукашенко Ресеймен ортақ валюта шарттарын атады

Беларусь президенті Александр Лукашенко "Ресеймен ортақ валютаға қарсы емеспіз. Бірақ ол Ресейдің рублі болмауы керек" деді. Ол бұл пікірін Беларусь дипломатиялық қызметіне 100 жыл толуы қарсаңында елдің бұрынғы сыртқы істер министрлері қатысқан жиында айтқан. 19 қаңтар 2019, 15:35 1 997 рет қаралды
ИМ Магнитогорскідегі апатты мойнына алды Әлемде

ИМ Магнитогорскідегі апатты мойнына алды

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Ресейдің Магнитогорск қаласында көпқабатты үйдегі 39 адамның өмірін қиған жарылысты мойнына алды. Экстремистік ұйымдардың интернеттегі қызметіне бақылау жасайтын SITE зерттеу тобы ИМ-нің Al-Naba интернет ресурсында "Магнитогорскідегі көпқабатты үйде және автобуста болған жарылысты мойнына алғанын" хабарлады. 19 қаңтар 2019, 13:23 1 991 рет қаралды
​Қадыров шенеуніктерге азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап беруді міндеттеді Әлемде

​Қадыров шенеуніктерге азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап беруді міндеттеді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров министрлер мен жергілікті әкімшілік басшыларын апта сайын телекөрсетілім арқылы тікелей эфирде маңызды мәселелер туралы сұраққа жауап беруді міндеттеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  18 қаңтар 2019, 16:21 1 637 рет қаралды
​Колумбия халқы Боготадағы теракті құрбандарын аза тұтуда Әлемде

​Колумбия халқы Боготадағы теракті құрбандарын аза тұтуда

Боготада бейсенбі таңертең болған лаңкестік әрекет салдарынан кем дегенде 21 адам мерт болып, 87-сі зардап шеккен. Жарылғыш заттарға толы көлік ұлттық полиция академиясының қабырғасына соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Tiempo-ға сілтеме жасап. 18 қаңтар 2019, 14:28 1 241 рет қаралды
​Ганада футбол федерациясындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді Әлемде

​Ганада футбол федерациясындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді

Ахмед Хуссейн-Суале Ганада футбол ассоциацияндағы сыбайлас жемқорлықты тексеру жүргізген журналист Ахмед Хуссейн-Суале өлтірілді, - деп хабарлайды REUTERS.  18 қаңтар 2019, 09:49 1 386 рет қаралды
Facebook Ресейдің Sputnik агенттігіне тиесілі аккаунттарды бұғаттады Әлемде

Facebook Ресейдің Sputnik агенттігіне тиесілі аккаунттарды бұғаттады

Facebook компаниясы өзінің Facebook және Instagram желілерінде постсоветтік елдердегі аудиторияға жалған хабар тарататын екі операцияға қатысы бар деген жүздеген парақшалар мен топтарды және аккаунттарды бұғаттады. 18 қаңтар 2019, 09:41 1 462 рет қаралды
​Бішкекте ереуілшілер қытайларға азаматтық бермеуді талап етті Әлемде

​Бішкекте ереуілшілер қытайларға азаматтық бермеуді талап етті

Бішкекте Ала-Тоо алаңында ереуіл болып жатыр. Наразылық акциясына 300-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg. Ереуілге шыққандардың басты талабы - этникалық қырғыздардан бөлек, Қытай азаматтарына Қырғызстанда азаматтық беруге мораторий жариялау.  17 қаңтар 2019, 14:31 2 140 рет қаралды
Ұлыбритания парламенті Тереза Мэйге сенім білдірді Әлемде

Ұлыбритания парламенті Тереза Мэйге сенім білдірді

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің қауымдар палатасының үкіметке сенімсіздік білдіру вотумынан аман өтті. 306 депутат үкімет басшысына сенімсіздік танытып, 325 депутат министрлер кабинетін таратуға қарсы дауыс берді. 17 қаңтар 2019, 11:58 2 122 рет қаралды