Жаңа Зеландиядағы екі мештке оқ жаудырып, 50 адамның өмірін қиған террорист Брентон Таррантқа “адам өлтірді” деген айып тағылды.
28 жастағы Таррантты полиция қызметкерлерінің жетектеуімен сотқа алып келді. Және мешіттерге оқ жаудырған тағы екі сыбайласының да қолға түскені туралы ақпарат тарады.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаларды ел тарихындағы ең қаралы күндер деп атады. Сонымен қатар ол бұл шабуылды ұйымдастырушы Тарант екенін айтқан болатын. Премьер-министр бұл оқиғаны "адам төзгісіз жағдай" деп атап, елдегі қару-жарақ туралы заңға өзгеріс енгізу керек екенін айтты.
Полицейлердің келтірген дерегіне қарағанда террористе 5 қару-жарағы болған. Алайда ол барлық қаруын заңды түрде сатып алғаны анықталды.
Дереккөз: baq.kz