Атырау, 23 шілде 07:29
Күндіз ашық+30, кешке +24
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.52  € 431.32  P 6.10

Қанды оқиғадан кейін Жаңа Зеландия қару туралы заңға өзгеріс енгізбек

18 наурыз 16:21


Жаңа Зеландия мешіттерінде болған қанды оқиғадан кейін билік елдегі қару пайдалану туралы заңға өзгеріс енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ел басшысы Жасинда Ардерн ханым кезекті мәлімдемесінде айтқан болатын.

«Үрейді ұшырған қанды оқиғадан кейін он күн ішінде қару туралы заңды өзгертеміз», – деді ел премьері. Өткен аптада Крайстчерч қаласында екі мешітке жасалған террорлық шабуылдан 50 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алған еді. Қарулы күдікті ең алдымен «әл-Нұр» мешітіне басып кіріп, жұма намазында тұрған 300-ге жуық адамға оқ жаудырған болатын.  Бұдан кейін қарулы ер адам 5 шақырым жердегі екінші мешітке де шабуыл жасайды. Мәліметтерде, Линуд мешітінде 100-ге жуық адам жұма намазында болған. Қылмыс күдіктісі осы әрекеттерін «Фейсбук» желісі арқылы тікелей эфирде таратқан. Жаңа Зеландия полициясы кісі өлтіру қылмысы бойынша 28 жастағы австралиялық азамат Брентон Таррантканы тұтқындады. Ол шабуыл жасаудың алдында қолына қару алып, «ашынған ұлтшыл» екенін айтып,  мигранттарға қарсылығын білдірген. Брентон Таррантканың 2017 жылы қару пайдалану куәлігін алғаны, әрі бес бірдей тапаншасының бар екені анықталған. Бұл тапаншаларды сол елдегі Gun City атты қару дүкенінен сатып алғаны да мәлім болды. Алайда, аталған дүкен террорлық шабуыл кезінде пайдаланған қаруларды сатпағанын айтады. Жаңа Зеландиямен қатар бүкіл әлемді дүрліктірген бұл оқиғадан кейін, ел билігі азаматтардың қару пайдалану еркіндігі туралы заңға шұғыл түрде өзгеріс енгізетінін жеткізіп отыр.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

396 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости