Атырау, 28 қараша 13:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әзербайжанда 400-ге жуық жазасын өтеуші босатылды

1 161 просмотра


Әзербайжанда шамамен 400 сотталушыға рақымшылық жасалды. Олардың арасында бұрын саяси тұтқын болып танылған бірнеше оппозиционер бар.

Азаттықтың жазуына қарағанда, "Халықтық фронт" ұлттық-демократиялық партия жетекшілерінің бірі Гезель Байрамлы және Фуад Гахраманлы, сонымен бірге "Нида" жастар ұйымының екі белсендісі рақымшылыққа ілінген.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары оларды босатуды талап еткен. "Экономикалық қылмыс жасады", "есірткі сақтады" және "билік өкілдеріне бағынбады" деп айыпталған Әзербайжанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі де амнистия бойынша босап шықты. Бұған қоса, өмірлік түрме жазасына кесілген үш сотталушының жазасы 20 және 25 жыл аралығындағы түрме жазасымен алмастырылған.

2 наурызда Әзербайжанда жемқорлық туралы жазбаларымен танымал болған блогер Мехман Гусейнов босатылған еді. Блогердің қамалуын халықаралық қауымдастық айыптап, кейбір сыншылар істің саяси астары барын айтқан еді.

2017 жылы Гусейновты "жала жабу" айыбы бойынша екі жылға соттаған. Кейінірек оны түрме күзетшісіне шабуыл жасады деп айыптаған.

Дереккөз: baq.kz

17 наурыз 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.